Четверг, 14 июня 2018 14:07

Таразда жұмыспен қамту мәселесі талқыланды

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде «Баршаға арналмаған жұмыс» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Талқылауға Облыстық ішкі саясат және ауыл шаруашылығы басқармасы мен білім беру басқармасының, Тараз қ. Жұмыспен қамту орталығының өкілдері, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер мен жастар қатысты.

Отырыс модераторы, облыстық комитеттің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев өз сөзінде аға буын арасында жұмыссыздық артып келе жатқандығын және жұмыс берушілер олар үшін ешқандай жұмыс орнын ашып жатпағанын айтты.

Қалалық білім беру басқармасының әдіскері М.Әлиева, «Ақ жол» ҚДП облыстық бөлімше төрағасының орынбасары С. Әбдусаттарова, «Ветераны особого риска» ҚБ өкілі С.Қуантаев, «Азаматтық Альянс» ЗТҚ өкілі Р.Рысқұлбекова және басқа да қатысушылар жұмыссыздық аға буын арасында ғана емес, жалпы аймақ бойынша, әсіресе ауылды жерлерде өсіп келе жатқанын тілге тиек етті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлімінің  басшысы Е.Көкеев пен Тараз қ. Жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Қабылқұлов жұмыссыздықпен күресуге бағытталған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының» іске асырылу барысы туралы айтып берді.  

Қатысушылар бағдарлама 55-64 жас аралығындағы азаматтарды жұмыспен қамту мәселесіне еш өзгеріс енгізе алмағандығын айтып, осы мәселені шешуге бағытталған ҚКХП-ның бастамаларына қолдау білдірді.

IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571IMG 3571

Прочитано 32 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.