Вторник, 16 октября 2018 10:39

Комсомолдың талассыз беделі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП облыстық комитетінің хатшылары Жарылқасын Нұрәлиев пен Жанат Бастаубаеваның басшылығымен Жамбыл облысының коммунистері Талас ауданының әкімшілік орталығы болып табылатын  Қаратау қаласында өткен дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Іс-шараға ҚКХП Талас аудандық комитетінің бірінші хатшысы Арыстан Байходжаев, ҚКХП жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Магомед Тоқсанбаев, «Игілік» көпсалалы кәсіпорын мен  «Қазфосфат» ЖШС  «Қаратау» ТӨК-тің орталық өндірістік зертханасының жұмысшылары, Қаратау гуманитарлық-техникалық колледжінің студенттері қатысты.

Модератор Ж.Нұрәлиев дөңгелек үстел қатысушыларына көптеген жас ұрпақтың өмір мектебіне айналған Лениндік комсомолдың тарихы туралы айтып берді. Комсомолдықтар Азаматтық соғыс жылдарында кеңес билігі үшін күресті, алғашқы бесжылдықтар құрылысында ерен еңбектерімен үлгі көрсетті, Ұлы Отан соғысы майданында да жауға қарсы шықты, соғыстан кейінгі жылдары ел құрылысына атсалысты, тың игерді, жаңа қалаларды көтерді.

Жанатас қалалық комитеті ЛКЖО-ның бірінші хатшысы, бөлім меңгерушісі, нұсқаушы қызметтерін атқарған, қазіргі «Игілік» кәсіпорнының бас директоры Рашид Сейдалиев комсомолдық органдардағы жұмысы туралы естеліктерімен бөлісті:

-        Біз ар-ұят үшін жұмыс жасадық. Сенбіліктер, рейдтер, жиналыстар өткізетінбіз, мұқтаж адамдарға көмектесетінбіз, ардагерлердің үйлеріне барып, отын жарып, үй шаруашылығына көмектесу біз үшін ұятты емес еді. Ол кезде Жанатас бүкілодақтық комсомолдық құрылыстың орталығы болды, қалаға бүкіл Кеңес Одағынан адамдар келетін. 

ҚКХП обкомы жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Магомед Токсанбаев:

-        Барлық жастар комсомол комитеті бюросына шақырылудан қорқатын. Комсомолдық органдардың мәртебесі шүбәсіз еді.

 ҚКХП-ның екінші хатшысы Жанат Бастаубаева комсомолдың жарқын дәстүрі жоғалмағандығын айтты. ҚКХП өзінің құрылған күнінен бастап өз қатарына жастарды тартуға, өзінің жастар ұйымын құруға ерекше назар аударды. Қазіргі таңда ҚКХП-да Комсомолдың жарқын дәстүрін жаңғыртатын жастар қанаты - Қазақстан Коммунистік жастар ұйымы жұмыс істейді. Жас коммунистер партияның өміріне белсене араласады – барлық үгіт-насихат шараларына қатысады, өздерінің шығармашылық бастамаларын көрсетіп, ауқымды акциялар өткізеді.

Кейін сөз сөйлеген «Игілік» кәсіпорнының бас есепшісі Оразгүл Елсымақова, Қаратау гуманитарлық колледжінің студенті, «Жастар ресурсы» жастар орталығының жетекшісі Есенбек Қаржаубаев және басқалары ұрпақ сабақтастығы, қоғам өміріндегі саяси партиялар мен ұйымдардың рөлі, тәуелсіз Қазақстанның игілігіне атқарылатын ортақ іс жайлы сөз қозғады.   

ZhAvtoritetKoms 4ZhAvtoritetKoms 4ZhAvtoritetKoms 4ZhAvtoritetKoms 4

Прочитано 174 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.