Среда, 12 декабря 2018 13:47

Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы Ж.Бастаубаева студенттермен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

12 желтоқсан күні ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы Жанат Бастаубаева Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге  Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Мейрамгүл Нұркеева, «Нұр Отан» партиясының Жастар қанатының төрағасы, информатика пәнінің оқытушысы Саламат Жанғақова, тарих пәнінің оқытушысы Әділбек Қыздарбеков қатысты. 

Кездесу барысында Ж.Бастаубаева ҚКХП облыстық комитеті мен ҚКЖО қызметі және 2018 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.

«Президенттің 2019 жылды жастар жылы деп жариялауына байланысты, келесі жылы Жамбыл облыстық комитеті аймақтағы ЖОО мен колледж студенттерінің қатысуымен бірқатар іс-шара ұйымдастырмақшы», - деп хабарлады обком хатшысы.

Колледж студенттері коммунистердің ұйымдастыратын іс-шараларына белсене қатысуға дайын екендіктерін мәлімдеді.

Дәл осындай кездесуді Ж.Бастаубаева М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде де өткізді.

ZhambKolled 3ZhambKolled 3ZhambKolled 3

Прочитано 181 раз
Другие материалы в этой категории: « Қайырымдылық спектаклі Жүректен жүрекке »

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.