Бейсенбі, 14 Наурыз 2019 16:39

Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйелдердің мәселелері мен мүмкіндіктері Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінде «Әйел – мемлекеттік қызметші, кәсіпкер, үй шаруасындағы әйел: мәселелері мен келешегі» деген тақырыпта қоғамдық талқылау өтті.

Жиынға облыстық комитеттің бірінші хатшысы  Жарылқасын Нұралиев, облыс әкімдігі жанындағы отбасы және отбасылық-демографиялық саясат комиссиясы хатшысының міндетін атқарушы Бақыт Жақсылықова, өңірлік кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Айгүл Ақшалова, облыс әкімдігі мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Зүбайра Сембина, «ОлжасМұнай» ЖШС директоры Күлбала Мамедалиева, «Novacom Texnology» ЖШС директоры Индира Сатыбалдиева қатысып, пікір білдірді.

Қоғамдық талқылауда аймақ бойынша әйелдердің мемлекеттік қызметтегі үлесі 18% ғана екені айтылды. Депутаттық корпуста бұл көрсеткіш 30%-ды құрайтын көрінеді. Негізінен әйелдер денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік көмек көрсету салаларында еңбек етеді. Бүгінге дейін бірде бір әйел аудан әкімі лауазымына тағайындалмаған. Тек екі әйел аудан әкімінің орынбасары лауазымына жеткен.

Дегенмен, бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтегі мансаптық өсу жолында әйелдер мен ерлерге тең құқық берілгені айтылады. Алайда көп жағдайда ұлттық дәстүр мен діл әйел адам ер адамға жол беру керек деген ұстанымға бұрып жібереді.

Бизнесте мұндай түсінік жоқ. Бұл жерде қатаң бәсекелестік орнаған. Тараздық әйелдер бизнесте ерлермен бірдей.

ZhamDiskus 3ZhamDiskus 3ZhamDiskus 3

Прочитано 205 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.