Четверг, 11 апреля 2019 10:29

Қай жерден білім алуға болады? Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері М.Х.Дулати атындағы ТарМУ студенттері мен мектептің жоғарғы сынып оқушылары үшін еңбек ардагерлерінің қатысуымен «Дұрыс мамандық таңдау – адам өміріндегі сәттіліктің кепілі. Қай жерден білім алу керек?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Обкомның бірінші хатшысы Жарылқасын Нұрәлиев жастарды еңбек ардагерлерімен таныстырып, олардың ерен еңбектері мен ерліктері туралы айтып берді. Отставкадағы милиция полковнигі Жанабек Қалдарбеков облыстық ІІБ қылмыстық іздестіру басқармасын басқарған, бірталай қылмыстың басын ашып, бейбіт заманда «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Орынбасар Саймасаев Украинадағы авиация училищесінде білім алған, азаматтық авиация ұшқышы болып жұмыс жасаған.

Магомад Тоқсанбаев көпбалалы отбасының тұңғышы бола тұра, беделді жоғары оқу орнын тәмамдап, мектеп директоры болып жұмыс істеген, республиканың құрметті педагогы атанған.

Инженер-автожолшы Жолдығұл Тоғамбаев ел аумағында жүздеген шақырым автожол салған. Өзге де ардагерлер осындай ерен еңбектерімен мақтана алады. Олар студенттер мен оқушыларға өздерінің өмір жолдары, сәттіліктері мен жетістіктері туралы баяндап берді.

Өз кезегінде жастар өздерінің жоспарларын айтып, армандарымен бөлісті. Сонымен қатар көкейлерінде жүрген мәселелерін де ортаға салды.  Олардың өзекті мәселелерінің бірі – мамандық таңдау. Оқу бітірген соң мамандық бойынша жұмысқа орналасу. Кейін өкінбейтіндей дұрыс мамандықты қалай  таңдауға болады?

Коммунистер ақсақалдардың кеңестері мен тілектері жастарға үлкен көмек боларына сенімді.

ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8ZhambProfess 8

Прочитано 146 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.