ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің белсенділері «Шапағат» Жаңа жылмен құттықтайды» акциясы аясында мүгедек балаларға арналған жаңа жылдық шыршаға қатысты. Жаңа жылдық ертеңгілік Ықылас Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінде өтті.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің хатшылары Ж.Нұрәлиев пен Ж.Бастаубаева облыс әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жамбыл облыстық әйелдерге арналған дағдарыс орталығы» КМУ-дің жаңа жылдық іс-шарасына қатысты.

20 желтоқсан күні ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті жұмыс күндерін Тараз қаласындағы «Диана» сауда орталығында өткізді. Олар «Коммунист Казахстана» журналын  таратып, оқырмандарды қызықты материалдармен таныстырды. Жастар БЛКЖО-ның 100 жылдығына арналған «Красная волна» халықаралық рок-фестивалі туралы мақалаға үлкен қызығушылық танытты.

Тараз қаласының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша құрылған №3 мобильдік топтың 2018-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Тараз гуманитарлық – техникалық колледжінің студенттерімен «Тұрмыстық зомбылыққа қарсы іс-қимылдың өзекті проблемалары» және «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» тақырыбында кездесу өтті.

Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018 15:22

Жүректен жүрекке

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы Жанат Бастаубаева Дилафруз Махмадулоеваның басшылық ететін «АЖУР» шығармашылық студиясының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған фестивальге қатысты. Іс-шараға  «Надежда» ҚБ, саңырау балаларға арналған «Мейірім» мектеп-интернаты, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернат қатысты.

12 желтоқсан күні ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы Жанат Бастаубаева Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге  Тараз гуманитарлық-техникалық колледжі тәрбие жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Мейрамгүл Нұркеева, «Нұр Отан» партиясының Жастар қанатының төрағасы, информатика пәнінің оқытушысы Саламат Жанғақова, тарих пәнінің оқытушысы Әділбек Қыздарбеков қатысты. 

Сәрсенбі, 12 Желтоқсан 2018 13:30

Қайырымдылық спектаклі

ҚКХП Жамбыл облыстық комитетінің екінші хатшысы «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясына қатысты.

ҚКХП Жамбыл облыстық комитеті партия ардагерлері мен белсенділерінің, комсомолдықтардың және ҮЕҰ өкілдерінің қатысуымен «Ұлы Қазан» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ж.Нұрәлиев қатысушыларды ҚКХП-ның кезектен тыс ХІІІ съезінің қорытындысымен хабардар етті.

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.