Четверг, 01 марта 2018 14:40

Партия туралы

Оцените материал
(2 голосов)

Қазақстанның Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) – әділет органдарында 2004 жылы 21 маусым күні ресми тіркелді. Тіркеуге тұрған уақытта партия қатарында – 53 360 мың адам (оның ішінде бұрыңғы КОКП қатарында болғандар – 16,5 мың адам, олардың 2 мыңы партиялық өтілін бұзбаған).

2012 жылдың 01 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша партия қатарында – 94 мыңнан аса адам тіркелген. Ұйымдық құрылымы – аумақтық принцип.

Еліміздің 14 облысында, республикалық маңызы бар Астана және Алматы қалаларында партия ұйымдары жұмыс істеуде. 2012 жылдың 01 желтоқсан күнінің мәліметі бойынша – 192 қалалық, аудандық комитеттер, 2359 – бастапқы партиялық ұйымдар құрылған.

Партияның активі саны (сайламалы комитет мүшелері, бастапқы партиялық ұйымдар хатшылары) – 12,7 мыңды құраған. Өткен сегіз жылда ҚКХП: - 7 Съезд; - 25 ОК Пленумын; - 80 БЮРО отырысын өткізді. Партия Парламент сайлауына 3 рет қатысып, екі мәрте Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ұсынды.

Сайлау қорытындылары бойынша ҚКХП төмендегідей дауыс санын жинады: Қазақстан Республикасының Президентін сайлау: 2005 жылы – 23 252 (0,34%) дауыс 2011 жылы – 111 924 (1,36%) дауыс   Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау: 2004 жылы – 94 140 (1,98%) дауыс 2007 жылы – 76 799 (1,2%) дауыс 2012 жылы – 498 788 (7,19%) дауыс.   2012 жылғы дауыс беру қорытындысына сәйкес партиялық тізім бойынша – ҚКХП 7 депутаттық мандатқа ие болды.

ҚКХП келесі мәслелерге аса назар аударады: жер үлестерінің алданған иелері, азық-түлік өнімінің күрт төмендеуі, тұрғындар арасындағы өзін-өзі жұмыспен қамту тобына жататындар жағдайы, коммуналды төлемдердің тарифтері мен бағаларының күрт жоғарылауы, және де адамның әл-аухатына тікелей әсер ететін басқа да маңызды мәселелер.

Партия үнемі халықпен, билік өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен, басқа да саяси партиялардың қатысуымен дөңгелек үстелдер, қоғамдық тыңдаулар өткізеді. ҚКХП ҚР Парламент Мәжілісіне қарасты Қоғамдық палата құрамына енеді, Парламентаризм институтының жұмысына белсене араласып тұрады. Басқа елдердің компартияларымен тығыз қарым-қатынас орнатылған. (Куба, Въетнам, Китай, Чехия, Моравия, Португалия, Чили, Греция).

ҚКХП қарамағында жастар қанаты құрылған. «Коммунист Казахстана» — апталық газеті жарық көреді (апталық таралымы -10 мың дана.) ҚСБҒ ҚҰ (Қазақстанның социалистік бағыттағы ғалымдары) «Идеи» атты журналын шығарады (таралымы Қазақстан бойынша).

ҚКХП – әлемдік коммунистік қозғалысының ажырамас бөлігі.

ҚКХП – бүкіл коммунистік қозғалысының бірігуіне ұмтылады. ҚКХП – жыл сайын кеңес халқының Ұлы Отан соғысындағы Жеңісін атап өтеді.

ҚКХП – жыл сайын пролетариат көсемі болған В.Лениннің туған күнін атап өтеді. ҚКХП – жария, ашық, табанды қызмет, сеніміне берік принциптерін ұстана отырып, қоғамның өміріндегі маңызды деген үрдістеріне әсерін тигізеді.

ҚКХП- мемлекеттің саясатының ортасында, толықтай азаматтық құқықтары мен қажеттілігін қанағаттандыруға, дамуына кең мүмкіндіктерге бөленген адам болуы қажет деп санайды.

ҚКХП мақсаты – шынайы ХАЛЫҚ БИЛІГІН орнату.

Прочитано 644 раз
Другие материалы в этой категории: « Устав

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.