10 маусымда Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Орталық комитетінде ҚКХП атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысқан үміткер Жамбыл Ахметбеков баспасөз мәслихатын өткізді.

Нұр-Сұлтан қаласында ҚКХП  мүшелерінің бастамасымен ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында «Ашық аспан астында!» атты дәстүрлі  флеш-моб ұйымдастырылып, Республикалық штабтың есептік жиыны өтті.

6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының сайлауалды штабы "ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды" флешмобын ұйымдастырды. Жастар сарайының жанында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың өкілдері мен партия белсенділері жиналды.

5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Президенттікке үміткер Ж.Ә.Ахметбековтың сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізді. Сонымен қатар іс-шара барысында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.

4 маусым күні Өскеменде ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков Экономика және қаржы колледжінің оқытушы-профессор құрамымен және студенттерімен кездесті.

3 маусым күні ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың Семей қаласында қала тұрғындарымен және партия активімен кездесуі өтті.

2 маусым күні Облыстық сайлауалды штаб Қарағанды қаласында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында «Адал еңбек қоғам мүддесі үшін» деген ұранмен (Юго-Восток шағ.ауд.) флеш-моб өткізді.

1 маусым күні Көкшетау облыстық сайлауалды штабы «РИО» сауда ойын-сауық орталығында ( Осипенко көш., 1), партия комитетінің белсенділері мен әншілердің қатысуымен флеш-моб акция өткізді.

Страница 1 из 6

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.