Среда, 15 мая 2019 10:10

ҚКХП кандидаты туған жеріне аттанды Избранное

Оцените материал
(1 Голосовать)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысатын кандидат Жамбыл Ахметбеков ауылдастарымен кездесіп, ақсақалдардан бата алу үшін туған жеріне аттанды.

Кандидат пен үгіт-насихат өкілдері мінген көлік керуенін ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі "Халық коммунистері" фракциясының-ҚКХП республикалық штабының жетекшісі Айқын Қоңыров бастаған топ ақ жол тілеп шығарып салды.

Жоспар бойынша Ж.Ахметбеков "Қорғалжын" қорығының қызметкерлерімен, ауылдастарымен кездеседі. Өзі оқыған мектебіне және қара шаңырағына барады.

Іс барысында ауыл тұрғындарына сайлауалды тұғырнамасын түсіндіріп, Парламенттегі "Халық коммунистері" фракциясының қызметін баяндайды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 45cdba1e198199 Vybory 2019 4

Прочитано 218 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.