Среда, 15 мая 2019 15:46

Үміткер Ж.Ахметбековтың Қорғалжын ауданындағы жерлестерімен кездесуі Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП атынан ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ә.Ахметбеков Қызылсай ауылдық округының Шалқар ауылында және Қорғалжын ауылдық округінде болды. Ауылдастармен кездесуге партия өкілдері Ахметбековтың фотосуреті және партияның жалауы бейнеленген автокөліктермен аттанды.

Ахметбеков К.Күмісбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде болып, "Қорғалжын" қорығының қызметкерлерімен және ауыл тұрғындарымен кездесті.

   Ж.Ахметбеков кездесуде сайлауалды тұғырнаманың негізгі басымдығы - еңбек адамдарының мүддесін қорғау екендігін атап өтті. Сонымен қатар ол ҚКХП экономиканың стратегиялық салалары мен еліміздің табиғи байлығын тек қана Қазақстан азаматтарының игілігі үшін пайдалануды қолдайтындығына ерекше назар аудартты. Сондай-ақ қатысушылар ауыл кооперациясы мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мәселесін талқылады.

Кандидат "Халық коммунистері" фракциясының қазақстандықтар үшін өзекті болып табылатын көптеген бағыт бойынша атқаратын қызметі жайлы айтып берді. "Қазіргі таңда кедейлік жұмыссыздықпен емес, төмен табысқа байланысты болып тұр. Кедейшілік шегі сияқты маңызды көрсеткіш бойынша шұғыл шара қолдану қажет", - деп атап өтті Ахметбеков.

Оның сөзінше, елдегі кедейшіліктің шынайы деңгейін қайта санау керек және бұл құбылысты өзекті әлеуметтік мәселе деп тану қажет.

"Біз отандық тауарға, әсіресе АӨК өнімдеріне тұтынушылық сұранысты ынталандыру бағдарламасымен бірге кедейлікпен күресу бағдарламасын қабылдауды, оны іске асыруды бірнеше рет ұсындық және оның жүзеге асырылуы үшін жұмыс істейміз. Бұл міндетті түрде экономиканың шынайы секторы мен ауылдағы кооперацияның дамуына мультипликативті әсер ететін болады", - деп мәлімдеді Ахметбеков.

Кездесу барысында аймақ тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауы сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерге қатысты сұрақтар қойды.

Сонымен қатар төмен зейнетақы, жәрдемақы мен жалақыға қатысты шағымдарын жеткізді. Медициналық қызмет пен білім беру сапасын арттыру қажеттілігін атап өтті.

Кейін партия өкілдері Шалқар ауылына аттанып, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл қариялары үміткерге бата беріп, ақ жол тіледі.

Ж.Ахметбеков өз кезегінде Қазақстанның көптеген сайлаушылары Қазақстан Коммунистік Халық партиясының экономикаға, әлеуметтік-саяси өмірге қатысты ұстанымын қолдайтынын жеткізді. Ол әрбір азаматты Қазақстан Республикасының Президенттік сайлауына қатысуға шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbdedc2dd08 photo 2019 05 15 15 29 205cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbeaa44d89e photo 2019 05 15 16 30 055cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 15cdbb655e07a6 astana 1

Прочитано 216 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.