Воскресенье, 19 мая 2019 18:20

ҚКХП үміткерінің қатысуымен футзалдан «Көктем-2019» футбол әуесқойлары қазақстандық лигасының» турнирі өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

ҚКХП үміткерінің қатысуымен футзалдан «Көктем-2019» футбол әуесқойлары қазақстандық лигасының» турнирі өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау аясында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Республикалық сайлауалды штабының белсенділері Нұр-Сұлтан қаласында футзалдан «Көктем-2019» футбол әуеқойлары қазақстандық лигасының» турнирін өткізді. Спорттық шара «Көктал» шағын ауданының спорт алаңында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың қатысуымен өтті.

Үміткер турнирге қатысушыларды жарыстың басталуымен құттықтады.
Жамбыл Әужанұлы өзінің өмірі спортпен тығыз байланысты екенін атап көрсетіп, каратэдан қара белбеу иегері және «Спорттық каратэ федерациясының» құрметті президенті екенін айтты.
«Спорт заманауи қоғамның маңызды саласы және тұлға мен қоғамның үйлесімді дамуының кепілі болып табылады. Біз жастарды интернетке тәуелділіктен алшақтатқымыз келеді. Интернетке шығатын деструктивті мазмұндағы материалдар ұлтаралық және конфессияаралық араздық тудырып, қоғамда түсініспеушіліктің орнауына негіз болады. Ал спорт адамдарды олардың шығу тегі мен дініне қарамастан біріктіреді. Бұл біздің сайлауалды тұғырнама арқылы қазақстандықтарға ұсынған тың бастамаларымыздың бірі», – деп мәлімдеді үміткер.
Жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерге сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын баяндаған Ж. Ахметбеков ойыншылар мен жанкүйерлерге сәттілік пен жеңіс тіледі.
«Біздің партия қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастыра береді», – деді ҚР Президенттігіне үміткер.
Жарысқа екі топ қатысты.

ҚКХП баспасөз қызметі

 5ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 425ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 425ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 425ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 425ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 425ce2193651160 photo 2019 05 19 16 22 42

 

Прочитано 264 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.