Среда, 22 мая 2019 12:58

ҚКХП үміткері «Талсуат» оңалту орталығының емделушілерімен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

22 мамырда ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ә. Ахметбеков «Талсуат» оңалту орталығында (Талсуат ауылы, Орынбор к., 3) болып, орталық қызметкерлері және емделушілерімен, зейнеткерлік жастағы азаматтармен кездесті.

Орталық жетекшісінің сөзінше, мекеме заманауи техникамен жабдықталған және өзінің тиімді емдеу әдісімен танымал. Үміткер қызметкерлердің жұмысымен танысып, оларға және орталық емделушілеріне алғыс білдірді.

ҚКХП үміткері өзінің сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, біздің қоғамға батыс мәдениетінің кері әсеріне ерекше тоқталды.    

Ол ҚКХП қылмыскер олигархтардың елге қайтарылуын және сотқа тартылуын талап ететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ ол үміткер, партия және оның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі фракциясы қазақстандық саясаттың бел ортасында еңбек адамы, оның өмірі, зияткерлігі, мәдениеті мен саламаттылығы, ел мен қоғамға қызмет етуге деген ұмтылысы болуын талап етуді жалғастыратынын атап өтті.

Кейін ұлттық саясат, жастардың патриоттық тәрбиесі, зейнетақы, еңбек ардагерлері мен мүгедектерге әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мәселелері талқыланды.  

Кездесу соңында үміткер қатысушыларға алғыс білдіріп, емделушілерге зор денсаулық пен сәттілік тіледі.

Қызылорда облыстық сайлауалды штабының жетекшісі Т.Телеубаев партия адам өмірінің сапасын арттыру бойынша мемлекеттік саясаттың іске асырылып жатқан стратегиялық басымдықтарын қолдайтынын және медицина саласы қызметкерлерімен қатар халық салауаты үшін еңбек етуді өзінің борышы санайтынын атап өтті.

ҚКХП баспасөз қызметі

5ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 25ce4f3b507353 vstrecha 22.05 2

Прочитано 291 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.