Четверг, 23 мая 2019 12:53

Шымкент қаласының студент жастарымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Бүгін қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Н.Қадырқұлов және партия комитетінің белсенділері Индустриалды-техникалық колледжде қаланың студент жастарымен кездесті.

Н.Қадырқұлов жастарға ҚКХП-ның сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Ол марксистік-лениндік ұстанымдардың маңыздылығына тоқталып, коммунистік тәрбиенің негізгі тетіктерін атап өтті. Сонымен қатар партияның батыстың кері құндылықтарына қарсы жұмысын тілге тиек етті.

Сондай-ақ қазіргі таңда жастардың мемлекеттің тағдырына алаңдаушылығы бәсең екенін, олардың түрлі оқиғаларға бей-жай қарауы белең алып бара жатқанын баяндады. ҚКХП бұл жағдайды түзетуге барынша атсалысатынын жеткізді.

Ол заманауи жастардың тәрбиесіне де тоқталды. Ақшаға деген құмарлық жастарды құлақ кесті құлға айналдырып жатқанына назар аударды. Интернеттің белгілі бір контенті жастар арасында осындай олқылықтың орын алуына себеп болатынын атап өтті. Біз, барлығымыз, «Көк киттің» деструктивті қызметінің, оның сұмдық нәтижесінің куәгері болдық.

Қалалық штаб жетекшісі ЖОО түлектерінің еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталды. Бұл мәселелерді шешу үшін жаңа тәсіл қажет, қоғамның заманауи талаптарына сүйену керек.

Үміткер жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік ұсыну ҚКХП-ның басты басымдықтарының бірі екенін атап өтті. ҚКХП үміткері өзінің сайлауалды бағдарламасында жастар үшін алғашқы кепілденген жұмыс орнын енгізуді талап ететінін айтты.

Жиында көтерілген тақырыптар жастардың жанына жақын болды. Олар саламатты өмір салтына (ішімдік, нашақорлық), шәкіртақының көлеміне, жастардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты мезгіл мәселелерін көтерді.

Жиын қорытындысында Н.Қадырқұлов: «Марксизмнің күші мен өміршеңдігі және одан бас тарту мүмкін еместігі тарихи дамудың барлық кезеңімен дәлелденген. Біз, Қазақстан коммунистері, ортақ іс үшін жұмыс істейміз! Біздің сеніміміз бірлік, мейірім және гүлдену сияқты баршаға түсінікті ұғымдар аясында нығаяды», - деді.

Ол қатысушыларға алғыс білдіріп, оларды Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына қатысуға шақырды.

Баспасөз қызметі

5ce6490f54f7f photo 2019 05 23 13 14 565ce6490f54f7f photo 2019 05 23 13 14 565ce6490f54f7f photo 2019 05 23 13 14 565ce6428ed55bc vstrecha so studentami 23.05. Shymkent 35ce6428ed55bc vstrecha so studentami 23.05. Shymkent 35ce6428ed55bc vstrecha so studentami 23.05. Shymkent 35ce6428ed55bc vstrecha so studentami 23.05. Shymkent 35ce6428ed55bc vstrecha so studentami 23.05. Shymkent 3

Прочитано 268 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.