Суббота, 25 мая 2019 13:21

Нұр-Сұлтанда «Болашақ бізден басталады» атты спорттық акция өтті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (ҚКХП) Нұр-Сұлтан қаласының орталық паркінде «Болашақ бізден басталады» деген ауқымды акция өткізді.

Шара шеңберінде саламатты өмір салты насихатталып, жүгіру марафоны ұйымдастырылды.

Марафонға ҚКХП ОК хатшысы, Парламент Мәжілісіндегі «Халық коммунистері» фракциясының-республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі Айқын Қоңыров бастаған партия активі, ҚКХП Қазақстан Коммунистік Жастар одағының белсенділері, еріктілер мен спортсүйер қауым және ҚКХП атынан кезектен тыс Президент сайлауына қатысып жатқан үміткер Ж.Ахметбековтың үгіт-насихат тобы мен қызылдарды қолдайтын қала тұрғындары қатысты.

Жүзден астам адам сап түзеп, бір мезетте жаттығу жасады. Іс барысында олар: «ҚКХП-ға дауыс бер!», «Адал еңбек қоғам мүддесі үшін!» деп ұрандады.

Жаппай жүгіруге қатысқан адамдар қызыл киім киіп жүгірді. Осы арқылы олар өздеріне, Қазақстан Коммунистік Халық партиясына назар аудартып, бұқараны ҚКХП үміткерін қолдауға шақырды.

Іс барысында орталық паркте ҚКХП-ның қызық байрағы желбіреп, демалушыларға үміткердің баннерлері мен плакаттары көрсетілді. Үгіт парақтары таратылып, сайлауалды тұғырнама түсіндірілді.

ҚКХП баспасөз қызметі

5ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 015ce8ec4f41de7 photo 2019 05 25 13 09 01

Прочитано 253 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.