Понедельник, 27 мая 2019 11:34

Облыстық сайлауалды штаб өкілдері Тараз қаласындағы Қазақстан Коммунистік жастар одағының өкілдерімен және қаланың белсенді жастарымен жүздесті. Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Таразда ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың өкілдері Ж.Нұрәлиев пен «Халық коммунистері» фракциясының депутаты И.Смирнова облыстық қазақ драма театрында қаланың белсенді жастарымен және "Тараз қ. Қазақстан Коммунистік жастар одағының" өкілдерімен кездесті.

Жамбыл облыстық сайлауалды штабы жастар зияткерлік әлеует, жаңа және заманауи білімнің тасымалдаушылары және соны кәсіпорындар мен өзге де салаларға апаратын дәнекер екенін ерекше атап өтті. Объективті себептерге байланысты жастардың басқа қоғам мүшелеріне қарағанда өзгерістерге дайындықтары мен ұмтылыстары едәуір жоғары.

Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды бағдарламасын таныстыру барысында Ж.Нұрәлиев заманауи жастардың ұстанымдары мен моральдық тәрбиесі тақырыбын тілге тиек етті. Ол халық коммунистері интернационализмнің, еуразияшылдық идеяның және XXI ғасырдағы ұлттың ерекше жолының жақтаушылары, ал батыстың ақшаға табынушылық, кез келген жолмен табыс табу және адамгершілікке жат дәстүрі біздің Отанымыз үшін қауіпті екенін атап өтті.

"Мемлекет біздің балаларымызды интернет-контенттің кері әсерінен қорғауы тиіс, сонымен қатар көркем әдебиет, ұлттық және әлемдік классиканың үздік шығармаларын оқытуды насихаттауға ерекше назар аударуы керек. Әдебиет заманауи және болашақ ұрпақтың рухани азығы болып табылады", - деп мәлімдеді спикер.

Айта кетерлік жайт, кездесу жылы әрі сенімді жағдайда өтті. Кездесу соңында Ж.Нұрәлиев Қазақстанның көптеген сайлаушылары партияның экономикадағы, әлеуметтік-саяси өмірдегі ұстанымдарын қолдайтынына сенімді екенін айтып, азаматтарды белсенді түрде сайлауға қатысуға шақырды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5ceb75cdd662e Vstrecha KNPK 27 35ceb75cdd662e Vstrecha KNPK 27 35ceb75cdd662e Vstrecha KNPK 27 35ceb75cdd662e Vstrecha KNPK 27 35ceb75cdd662e Vstrecha KNPK 27 3

 

 

Прочитано 219 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.