Среда, 29 мая 2019 11:30

Ж.Ахметбековтың сенім білдірген өкілі «Дана-дель» ЖШС тігін өнеркәсібінің ұжымымен кездесті Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

29 мамырда ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың сенім білдірген өкілі Тараз қаласындағы «Дана-дель» ЖШС (2 шағын аудан,17 үй), тігін өнеркәсібінің еңбек ұжымымен кездесті.

Халық коммунисінің өкілі өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғары бағалап, ұсынылып отырған тауарлар сұранысты қанағаттандыратынын атап өтті.

Ж. Нұралиев аталмыш кәсіпорын мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау арқылы ондаған отбасын жұмыспен, тұрақты жалақымен қамтып отырғанына тоқталды.

Бұдан кейін ол еңбек адамының мүддесі, кедейшілікпен күрес сонымен қатар батыстың ықпалы мен жалған құндылықтарынан бас тарту сайлауалды тұғырнаманың басым бағыты екенін айтты.

Оның ойынша, әлеуметтік әділдік іздейтін қоғам заңсыз табыс табатындарға төзбеушілік танытуы керек. Халықты, экономиканы тонап жатқан адамдар қай жерде жүрсе де әділетті сотқа тартылуы тиіс.

Қатысушылар үміткердің сенім білдірілген өкілін мұқият тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Сұрақ қою барысында тұрғындар қаланың экологиялық жағдайына алаңдайтындарын жеткізді.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cee1bcb7829b meropriyatie 29.05 45cee1bcb7829b meropriyatie 29.05 45cee1bcb7829b meropriyatie 29.05 45cee1bcb7829b meropriyatie 29.05 4

 

Прочитано 163 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.