Среда, 05 июня 2019 12:43

Коммунистер Нұр-Сұлтан қаласында қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізіп, шахмат турнирін ұйымдастырды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

5 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында Президенттікке үміткер Ж.Ә.Ахметбековтың сенім білдірген тұлғалары қалалық Ардагерлер кеңесімен кездесу өткізді. Сонымен қатар іс-шара барысында партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттер табысталып, шахмат турнирі ұйымдастырылды.

Кездесуде ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасының негізгі тезистері түсіндірілді. Нұр-Сұлтан қаласы сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов пен партияның құрметті ардагері Н.Батюта   кездесуден кейін партияның жаңа мүшелеріне салтанатты түрде партиялық билеттер тапсырды. Бұл күні партия қатары Қазақстанның жаңа азаматтарымен толықты.

Н.Оразхановтың пікірінше, партияның жаңа мүшелері үшін өмірдің ерекше кезеңі басталады. Оларға партияның үндейтін идеялары мен құндылықтарын ілгерілендіруді жалғастыру міндеті жүктеледі. Сонымен қатар ол еліміздің әрбір азаматы үшін партияның есіктері ашық екенін айтты.

Билет табыстау рәсімінен кейін шахмат турнирі өтті. Турнирда қалалық комитеттің жас белсенділері қала ардагерлерімен жарысты.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 35cf7621c4b295 Vstrecha v shahmatnom klube 05.06 3

Прочитано 204 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.