Четверг, 06 июня 2019 12:05

Нұр-Сұлтан қаласында үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында "ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды" флешмобы өткізілді Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

6 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласының сайлауалды штабы "ҚКХП саламатты өмір салтын қолдайды" флешмобын ұйымдастырды. Жастар сарайының жанында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековтың өкілдері мен партия белсенділері жиналды.

Қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Н.Оразханов қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан болашағы алдындағы азаматтар мен мемлекеттің ортақ жауапкершілігі туралы тілге тиек етті. Оразханов үміткердің жұмыс сапарлары мен сайлаушылармен өңірлердегі кездесулері туралы айтты. Оның айтуынша, қатардағы азаматтар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатыр. Оразханов Қазақстан Коммунистік Халық партиясы әрқашанда қарапайым халық мүддесін қорғауға басымдық беретінін мәлімдеді. Халық коммунистері интернационализмнің, еуразияшылдық идеяның және XXI ғасырдағы ұлттың ерекше жолының жақтаушысы.

Бұдан кейін партия нышандары бейнеленген киім киген жастар кеңес жылдарындағы әуенмен жаттығулар кешенін жасады.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 45cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 45cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 45cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 45cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 45cf8a9aa18f5f Vstrecha 06.06 4

Прочитано 189 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.