Пятница, 07 июня 2019 15:03

«Ашық аспан астында!»: Коммунистер сайлауалды кампанияның қорытындысын шығарды Избранное

Оцените материал
(0 голосов)

Нұр-Сұлтан қаласында ҚКХП  мүшелерінің бастамасымен ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбековты қолдау мақсатында «Ашық аспан астында!» атты дәстүрлі  флеш-моб ұйымдастырылып, Республикалық штабтың есептік жиыны өтті.

7 маусымда Орталық парк аумағында ҚР Президенттігіне үміткер Ж.Ахметбеков пен оның жақтаушылары «Ашық аспан астында!» деген тақырыппен флеш-моб өткізді.

Басқосу барысында сөйлеген сөзінде үміткер Қазақстан Коммунистік Халық партиясы пролетариат диктатурасы мен таптық күрес сияқты көне түсініктерден бас тартып, қарапайым халық мүддесін қорғауды өз жұмысының басымдығына айналдырғанын мәлімдеді. Оның пікірінше, бұл идеология қазақстандықтардың қолдауына ие болып отыр.

Шара шеңберінде Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоңыров сайлауалды кампанияның барлық қатысушыларына сайлауалды үгіт-насихат барысында белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді.

Жиын аспанға көгершін ұшыру акциясымен жалғасып, белсенділердің сап түзеп, қанат белгісін салуымен аяқталды. Осы арқылы олар жиналғандарды Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында ҚКХП үміткеріне дауыс беруге шақырды.

Флеш-моб барысында үгіт өнімдері таратылды.

Іс-шарадан соң Ж.Ахметбековтың Республикалық сайлауалды штабында үгіт кампаниясының аяқталуына байланысты есептік жиын өтті.

Үміткер үгіт-насихат жұмысы тиісінше атқарылғанын айтты.

Ол сайлауалды науқан кезінде бірқатар аймақтарды аралап, сайлаушылармен кездесті. Іс барысында ел азаматтарына үгіт өнімдері таратылып, сайлауалды тұғырнама таныстырылды.

Жамбыл Ахметбековтың пікірінше, ол электоралды кампанияға ҚКХП атынан  ҚР Президенттігіне үміткер ретінде қатысу арқылы халықтың назарын батыс мәдениетінің кемшін тұстарына аударды.

Өз кезегінде Республикалық сайлауалды штабтың жетекшісі А. Қоңыров үміткерді қолдауға бағытталған үгіт-насихат жұмысының жоспары жүзеге толық асырылғанын айтты.

Жиында сайлауда партиялық бақылау жүйесін ұйымдастыру мәселесі тілге тиек етіліп, ҚКХП үміткерін қолдау шараларының статистикалық дерегі алға тартылды.

ҚКХП баспасөз қызметі

5cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 35cfa4a25e65d0 Otkrytoe nebo 07.06 3

Прочитано 93 раз

Яндекс.Метрика

© 2017 Қазақстан Коммунистік Халық партиясының ресми сайты. Барлық құқықтар қорғалған.