Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » 1 мамыр ұлттардың ұлысы!

1 мамыр ұлттардың ұлысы!

1 мамыр ұлт – аралық достастығы мен татуластығы күніне орай Қызылорда қаласының орталық алаңында мерекелік шеру болып өтті.

Жылда өткізілетін іс-шара жылдан жылға жанданып, келбеттене түскендей. Мерекеге облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мырзалар қатысты. Түрлі ұлт өкілдерімен бірге әкім мырзалар шеруге қатысушыларды құрметпен қарсалып тұрды. Шеру алаңын ең алғашқы болып өңіріміздің құрметті ардагерлері бастаса, ізінше бұқаралық ақпарат құралдары, ішкі саясат басқармасы және саяси партия мүшелері жүріп өтті. Аспанға ұшырылған сан түсті әуе шарлары мен ұшырылған ақ көгершіндер мерекенің символы іспеттес болды. Орталық алаң мыңдаған адамдарға толды, олардың әрқайсысы бірін-бірі құттықтап әуре. Бұл күні алаңда кез-келген ұлт өкілін кездестіруге болады. Қай-қайсысының болмасын көңілі көтеріңкі. Шеру әрі қарай мерекелік концертке ұласты. Барша қазақ халқының ең сүйікті әншісі Роза Рымбаева сахнаға шығып, өзінің керемет даусымен көңілді әндерін шырқады. Сонымен қатар басқа да эстрада жұлдыздары халықтың көңілін көтерді. Халық өзін ара «совет үкіметінің кезеңіндегі шақтарға оралғандаймыз, мына шеру сол кездерді есімізге салды» десіп жатты. Дайындықтың тамаша өткендігі көрініп ақ тұр. Шеру алаңынан өткендердің барлығы бірінен – бірі асады. Керемет түрлі киімдер, плакаттар, шарлар бәрі бәрі көз қызығарлықтай. Біз де өз кезегімізде Қазақстан Коммунистік Халық партиясының плакатын алып, шеру алаңынан өттік. Бұл күннен алған әсеріміз біразға сақталарлықтай.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің

баспасөз хатшысы Майра Жүнісова

02.05.2013ж.

Яндекс.Метрика