Home » № 1603.05.2013 » Айбыны алдаспандай Жамбылдық жауынгерлер Жуалыда

Айбыны алдаспандай Жамбылдық жауынгерлер Жуалыда

Батыр Бауыржан Момышұлыны дүниеге әкелген Жуалы өңірінен сегіз бірдей генералдың шығып, Жуалының «генералдар өлкесі» деп аталуы да тегіннен тегін емес. Ал қаһарман батырымыздың кіндік қаны тамған жерінде орналасқан 91678 әскери бөлімінде әскери борышын атқарып, қызмет ететін жас сарбаздар алдыңғы буын ағаларының елеулі еңбектерін ескере отырып, еліміздегі бірегей таулы егерьлер батальонында әскери қызметін атқаратын ағаларының әскери шеберлігіне қарап, үлгі алатыны рас.

Әлемде екі ғана мемлекетте: Германия мен Қазақстанда арнайы мақсатталған таулы егерлік батальоны бар екен. Басқа мемлекеттерде таулы атқыштар батальондары бар болғанымен олардың арнаулы мақсатталған бөлімшелері таулы егерлік батальоннан ажыратылады. Талас Алатауындағы қазақ-қырғыз шекарасының жанындағы еліміздің оңтүстік шебін таулы жағдайларда қорғауға арналған арнайы мақсатталған таулы егерлік батальоны 2003 жылы құрылды. Жеке құрамы келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшілерден тұрады. Арнайы үйретілген жергілікті жуалылық асыл тұқымды аттар атыс пен оқ-дәрінің жарылысынан, ауыр әскери техникалардың атысынан да қорықпайды.

Теріс – Ащыбұлақ полигонында арнайы мақсатталған таулы егерлік батальоны таулы, тактикалық және топографиялық дайындық бойынша барлау мен ұрыс қимылдарын жүргізу бойынша үнемі дайындық үстінде жүреді.

Еліміздің оңтүстігіндегі жоғары таулы аймақтарда және жолы қиын аудандарда альпинисттік құрал-жабдықтар мен арнайы үйретілген аттарды пайдалана отырып, таулы жағдайлардағы ұрысқа және арнайы операцияларға әркез дайын болатын жауынгерлердің әскери даярлығы таң қалдырады. Көксай шатқалында жігіттерді бірнеше күн бойы қалай болса да өз өмірін сақтап қана қоймай, тапсырманы орындаудан тұратын сынақтан өтеді. Біздің түсірілім барған күні 4 оқу нүктесінің табиғаттық жағдайы ыңғайлы болып табылатын жерде жігіттер таулы құрал-жабдықтарымен екі таудың ортасынан өтіп, таудың жоғары жағына өрмелеп шығудан және төмен түсуден сынақтар тапсырған жігіттердің арнайы даярлығы аса жоғары деңгейде екендігін байқатады.

Атап айту керек, мұндағы қызмет ететін 500-дей жігіттің әрқайсысы белгілі бір спорт түрінен шебер болып келеді. Командирлері де жас болса да, бас бола білетін Бегімбет Тәжібаев әрқайсысын бір үйдің баласындай көріп, тәрбиелейді. Себебі, қиын-қыстау кезде, қарсылас жаумен ұрыс шығып қалған жағдайда тек олар ғана бір-біріне демеу болады, бір бірін құтқарады, бір біріне сенеді. Таулы жағдайларда адам былай тұрсын, жануардың өзі қиындықпен өтетін жерлерде бірнеше күн бойынан ұрыс пен тактикалық барлау жүргізе алатын таулы егерлік батальонында қызмет ету қиын болса да, мұнда әскери борышын атқаратын әр жігіт үшін абырой әрі мақтаныш.

«Әскері мықты ел тозбас» десек, шыныққан шымыр жігіттер сапта тұрғанда сәбилеріміздің тәтті ұйқысы бұзылмайтынына, Қазақ елінің іргесі сөгілмейтініне, шекарамыздың берік болатынына сенесің. Біз 91678 әскери бөліміндегі арнайы мақсатталған таулы-егерлік батальонының жауынгерлеріне қарап, сол күні нағыз сардарлар мен сарбаздарды көрдік, таптық, таныдық.

Отан алдындағы қасиетті борышын атқарып жүрген әр офицерді, әр сарбазды Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!

ҚХКП Жамбыл ОК баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика