Home » Партийная жизнь » “Қамқорлық” айлығы

“Қамқорлық” айлығы

Еліміздің Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңында Павлодар облысында 2011 жылдың 15 қыркүйегінен 15 қазанына дейін қалыптасқан дәстүр бойынша көмекке зәру адамдарға қамқорлық көрсету айлығы өтіп жатыр.

Жыл сайын өмір сүру деңгейінің сапасы жақсара түскеніне қарамастан, арамызда қол ұшын беріп көмек көрсетуге жататындар саны әлі де болса азайған жоқ, олар: мүгедектер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, мүмкіндігі шектеулі жандар (балалар мен үлкендер), көп балалы отбасылар, еңбекке жарамсыз азаматтар, жалғыз тұратын қарттар.

Осыған байланысты қаланың барлық кәсіпорындары, мекемелері, жеке кәсіпкерлер өз еріктерімен қолдарынан келгенше көмек көрсетпекші. Екібастұз қаласының ҚКХП ұйымы мүшелері жыл сайын осындай шарадан тыс қалған емес.

11 қазанда ҚКХП мүшелері I топқа жататын жалғыз қалған, балалары тастап кеткен мүгедектерге қолдау көрсетіп, азық-түлік, шоқ гүл ретінде сыйлықтар ұсынды. Олардың ішінде, Осипова Людмила Петровна, 30 жыл бойы мектепте қызмет істеген, жалғызілікті мүгедек, Тусупов Амангелді Билалұлы, Левчук Людмила Сергеевна, Исалин Жұматай Насиевич, Парошина Валентина Семеновна, Артемова Татьяна Николаевна, Тимошенко Александр Сергеевич, Саланов Кеңес Жұмабекұлы, Саланова Балкен Әбілмаженқызы.

Осындай, жалғыз қалған қарттар, мүгедектердің жағдайларына қарап, партия мүшелері өз атынан олардың жағдайларын біліп отыруға, барынша көмек көрсетуді шешті.

Екібастұз ҚКХП қалалық комитетінің баспасөз орталығы

Яндекс.Метрика