Home » Партийная жизнь » Қан қысымын тексерейік!

Қан қысымын тексерейік!

Үстіміздегі жылдың 18-ші қазан айында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Қан қысымын тексерейік» атты акциясы болып өтті. Акция қала тұрғындарының қан қысымын өздеріне қолайлы жерде және тегін тексерілуіне мүмкіндік берді. Қалалық нөмері 1-ші емханадан арнайы дәрігер мен медбике және жедел жәрдем көлігі қызмет көрсетті. Тексерілуші қауымның қан қысымы тым жоғары немесе төмен болған жағдайларда, оларға тегін консультациялық көмек пен тегін дәрі-дәрмек беріліп, ал тым күрделі жағдайларда укол салынды. Сонымен қатар, медициналық брошюралар мен ұйымдастырушылардың тарапынан «Коммунист Казакстана» газеті де тегін таратылды. Таңғы 10 нан бастап көлік қаламыздың Мерей мөлтек ауданындағы «Сырдария» супермаркетінің алдына орналасып, кейін «Жайна» және «Смолл» сауда орталықтарында да болды. Адам көп шоғырланған жерлерде көрсетілген тегін қызметке халық дән риза. Әсіресе, жасы келген кісілер осындай қызмет көрсетілгеніне ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты. Барлығы, бұл іс-шараға 617 адам қатысты. Дем алмастан қызмет еткен медицина қызметкерлері жұмыс уақытының аяғында шаршап, бірақ осыншама адамға қызмет көрсеткендеріне риза болды. Сонымен, халық та, медицина қызметкерлері де бұл шараны ұйымдастырушы ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің халыққа деген жанашырлығына алғыс айтып, «жұмыстарын жемісті болсын!» деген тілектерін білдірді.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы

Жүнісова М.

Яндекс.Метрика