Home » "Коммунист Казахстана", №32//27.09.2013 » Ана тілім – мақтанышым!

Ана тілім – мақтанышым!

«Тіл күні» мерекесіне орай Қазақстан Коммунистік халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті студенттердің арасында «Ана тілім- мақтанышым» тақырыбына шығарма жазудан байқау өткізді. Байқауға толығымен дерлік партия мүшелері қатысты десек те қателеспейміз. Байқаудың шарттары қарапайым, ең үздік жазылған шығармалар жүлделі орындарды иеленеді. Байқаудың әділ өтуін қадағалау мақсатында арнайы әділқазылар алқасы сайланды. Оның құрамында ҚКХП Қызылорда обкомының І-ші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы да болды. Сонымен қатар әділ баға берушілердің құрамында ҚКХП Қызылорда обкомының ІІ-хатшысы Опабекұлы Жүрсін, ҚКХП Қызылорда обкомының тексеру-бақылау комиссиясының төрағасы Шайнуров Абай болды. Облыстық комитетінің ұжымының нәтижесі 24-ші қыркүйек күні белгілі болды. Байқауға қатысқан жастардың арасындағы озаттары обкомға шақырылып, олардың әрқайсына алдын ала дайындалған сыйлықтар табысталды. Жүлделі орынға Әбибола Жазира, Табачникова Юлия, Ералиев Асхат және Абсадықов Азиз ие болды. Арнайы ҚКХП логотиптерімен әрленген футболкалар мен күнтізбелер өз жеңімпаздарына бұйырды. Партия өмірінде болып келетін талай байқаулардың жеңімпазы атанып жүрген Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлектеттік университетінің студенттері осы жолы да ерекшеленіп, білімдерін дәлелдеді. Тура обком қабырғасында олардың шығармалары оқылып, жеке ой-пікірлері тыңдалды. Обком мүшелері тарапынан «партиямыздың жастар саясатындағы мәселелеріне ендігі кезекте белсене араласып жүріңіздер» деген  ұсынысын құптаған студенттердің белсенділігі бізді қатты қуантты. «Жақсы» деп танылған тағы бірнеше шығарма иелеріне алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді. Жалпы айтар болсақ әділқазылар алқасына таңдау жасау оңайға соқпады, олардың айтуы бойынша «студенттердің көбі мақтауға тұрарлықтай». Жастарымыздың осы сынды байқауға белсене араласып, өздерінің білімдері мен еңбектерін өз кезегінде көрсетіп отыруы өте дұрыс. Осы күні тағы бірнеше студенттер партия мүшелігіне кіруге ниет білдірді. Бұл дегеніміз жастарымыздың саяси көзқарастары дамып, өзінің қоғамда қандай да бір орнын табуға ұмтылуы. Ендеше, бұндай жастарымыздың қолына болашағымызды сеніп тапсырсақ та қателеспеген болармыз деп білемін.

 

 

                                                           Майра Жүнісова, Қызылорда

Яндекс.Метрика