Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » Ардагерлерімізге құрмет

Ардагерлерімізге құрмет

Үстіміздегі жылдың 4-ші қазан күні ҚКХП Қызылорда обкомында ардақты ардагерлерімізбен бас қосу болып өтті. Кездесу қазан айының алғашқы күнінде аталып өтетін Қарттар күніне  орай арнайы ұйымдастырылды.

Бірнеше күн бұрын шақыру билеттері таратылып, әр ардагер жеке шақырылды. Белгіленген күні шақырылған қонақтардың барлығы келді. Бір-бірлерімен танысып-біліскен соң әңгіме дүкен құрып, көкейлерінде жүрген мәселелерді талқылады. Қаламыздың КБИ мөлтек ауданында тұратын қарияларымыз сол ауданда орналасқан мектептің тарлығын, емхананың болмауын, жолдардың нашарлығын, тағы сол сияқты бірқатар мәселелерін айтып, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы мәселе тұсында бірігіп, шешімін табуға тырысуға шақырды. Сонымен қатар, бұрынғы совет үкіметі тұсында КБИ мөлтек ауданында жұмыс жасаған заводтардың қазір барлығы жұмыстан шығып қалғандығын, олардың орны сол қираған күйінде жатқандығына жандары ашитындықтарын айтты. Қаланың орталығынан тым алыс болмаса да бұл жерді жергілікті тұрғындардың өмір сүруі үшін қолайлы деп айту өте қиын. Ауыз су мәселесі, тазалық мәселесі тағы бар. Бұл әңгімеге қалған қатысушылар белсене араласып кетті. Себебі, аталған мәселелердің бірқатары қалада да кездеседі. Сонымен қатар, ардақты ардагерлеріміз партия өмірінің қыр-сырынан қанық болу мақсатында обком мүшелеріне сұрақтар қойып, ҚКХ партиясының осы күнге дейін атқарылған жұмыстармен таныс болды. Жиынға 20 -ға жуық адам қатысып, әр қайсысы жиналыстың барысына өз тарапынан үлесін қоса отырды. Әңгіме шарықтау шегіне жеткенде дастархан жайылып, ардагерлерімізді құттықтаумен жалғасты. Шара І-ші хатшының құттықтау сөзімен және естелік сыйлықтарын табыс етумен жалғасты. ҚКХП Қызылорда обком мүшелері І-ші хатшының ұсынысы бойынша қазан айын толығымен дерлік осы құрметті қарттарымызға рахымшылық көрсету айы деп жариялады. Оның айтуы бойынша біз өзімізден кейінгі ұрпақты ел болашағы деп қарасақ, алдымыздағы ата-әжелеріміз бен апа-ағаларымызға деген ізеттілікті еш уақытта ұмытпауымыз керек. Себебі қазіргі біздің жеткен қандай да бір жетістігіміз – солардың арқасы!

                                                                           Майра Жүнісова,

 ҚКХП Қызылорда обкомы

07.10.2013ж.

Яндекс.Метрика