Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » ҒАСЫР ІНДЕТІМЕН КҮРЕС КҮНІ

ҒАСЫР ІНДЕТІМЕН КҮРЕС КҮНІ

Желтоқсанның 1-і “Бүкіл әлемдік ЖҚТБ (жұқтырылған қорғаныш тапшылығының белгісі (СПИД) -ға қарсы күрес күні”. Алғаш рет 1988 жылы 1 желтоқсан күні барлық елдің денсаулық сақтау министрлерінің кездесуінде АҚТҚ/ ЖҚТБ жөніндегі ақпаратпен алмасуды кеңейту және әлеуметтік төзімділікке шақыруға үндеу тастағаннан кейін аталып өтті.

20-шы және 21-ші ғасырлардағы адам үшін ең қауіпті, тіптен адамзатты жоюшы індет – ЖҚТБ. Алғаш бұл ауруды 1981 жылы 5 маусым күні Американдық Ауруларды бақылау орталығы тіркеді.  Ал оған шалдығудың соңғы сатысы ВИЧ инфекциясын 1983 жылы француз ғалымы Л.Монтанье ашты.

Сол уақыттан бері бұл аурумен ғалымдар күресуде. Алайда әзірге емі табылмады. Жыл сайын осы аурудың салдарынан әлемде 2,1 миллион адам көз жұмады екен. Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасында ВИЧ инфекциясын жұқтырғандардың саны 21 578 -ға жеткен. Оның 396-сы 14 жасқа дейінгі балалар. Жас мөлшері бойынша 20-29 аралығындағылар – 42, 6 пайызды құраса, 30-39 жас аралығындағылар – 34,4, иньекциялық есірткі тұтынушылар – 61,8, жыныстық қатынас арқылы жұқтырғандар – 31,3, жұмыссыздар қатары – 70,5, жұмысшылар – 15,6, шетелдіктер – 6,1 пайызды құрап отыр. Олардың 69,2 пайыз, 13369-ы ерлер, 30,8 пайыз, 5968-і әйелдер.

ЖҚТБ-мен ауырған адамдар инфекция жұқтыру көзі болып табылады. Ешқандай ауру белгілері байқалмайтындықтан әсіресе вирус тасымалдаушылар өте қауіпті. Медицинаның дәлелдеуі бойынша ЖҚТБ-нің қазіргі кезде негізгі жұғу жолдары мынадай:

– жыныстық қатынас;

– вирустың бірден қанға түсуі (әртүрлі инъекциялар жасаған кезде т. б. жағдайларда);

– анасынан нәрестеге жұғу арқылы.

Жыныстық жол негізгі жұғу жолы болып табылады. ЖҚТБ адамдарға 80% жағдайында осы жолмен, яғни гетеросексуальдық (еркек-әйел) және гомосексуальдық (еркек-еркек) жыныстық қатынас кезінде жұғады.

ЖҚТБ жұғуының тағы бір түрі вирустың қанға бірден түсуі арқылы жұғуы қазіргі кезде ерекше аландаушылық туғызып отыр. Себебі тамырға наркотиктер енгізгенде ортақ инелі шприцті пайдаланатын нашақорлардың саны көбейіп келеді. Әрине, қолданатын инелерін олар тиісті өндеуден өткізбейді. Егерде ЖҚТБ-мен науқастанған немесе вирус тасымалдаушы нашақорлар қауымына қосылса, вирус оның инедегі қанының қалдығымен сау адамның ағзасына түседі. Вирус аурулардың 20%-ына осындай жолмен жұғады. Вирус адамға қан немесе қан құрамынан тұратын препараттар құйғанда да жұғуы мүмкін. Кейбір аурумен науқастанғанда, операция жасағанда, әйел босанғанда донор қанын құюға тура келеді. Егер донор ЖҚТБ-ке тексерілмеген болса, вирус жұқтыру қаупі өте жоғары.

ЖҚТБ вирусының үшінші жұғу жолы — анасынан нәрестеге жұғуы. Ауырған немесе АИВ жұққан әйелдерден туған балалардың 4/5-не вирус осындай жолмен жұққаны белгілі болды. Егер де анасы нашақор немесе жезөкше болса нәрестеге вирус жұғу қаупі бірнеше есе артады. Вирус нәрестеге қалыпты босану кезінде, баланы операция жасап алғанда және жүктілік кезінде жұғуы мүмкін. ЖҚТБ-тің нәрестеге науқас анасының емшек сүті арқылы жұғу оқиғалары да белгілі.

Айта кетелік ЖҚТБ қарсы күрестің белгісі қызыл лента болып табылады. Бұл лентаны 1991 жылы көктемде  ЖҚТБ түсінетіндіктің белгісі ретінде ойлап табқан. Идеяның авторы Франк Мур. Ол Нью-Йорк штатының шағын қаласында өмір сүріп жүргенде, көршілерінің Парсы шығанағында әсери қызметте жүрген қыздарының аман-сау оралуына үміттеніп, сары ленталар байлап жүргенін байқаған. Міне солай ол кісі қызыл лента байлап жүруді ұсынады, оның бұл идеясы адамдарға ұнап, бүкіл әлемнен қолдау табады.

 

 

 

Әзімхан Гүлнұр 

Яндекс.Метрика