Home » "Коммунист Казахстана", № 37//01.11.2013 » Атырау облысының VI Азаматтық форумы

Атырау облысының VI Азаматтық форумы

Қазақстанда Азаматтық форумдар 2003 жылдан бастап екі жылда бір рет өткізіліп келе жатыр және дәстүрге айналған елдің қоғамдық өмірінің басты да маңызды оқиғасы болып табылады. Оны Облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен жергілікті Азаматтық альянсы ұйымдастырды.

Форумның басты мақсаты – азаматтық қоғам институттарының, билік органдары мен жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік серіктестігі мен тиімді байланысын қамтамасыз ету. Атырау облысының VI Азаматтық Форумы Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен Атырау облысының Азаматтық альянсымен ұйымдастырылып отыр. Азаматтық форум аясында кеше секциялық жұмыстар жүргізіліп, бүгін ҮЕҰ-дың әлеуметтік маңызды жобалар жәрмеңкесі өткізілді.

Форум жұмысына жергілікті атқару органдарының, белсенді үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, әлеуметтік сала сарапшылары, бизнес-қауымдастықтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар өз пікірлерін ашық айтып, министрліктер мен әкімдіктер жанынан құрылған қоғамдық кеңестерде ұсыныстар енгізіп жүр. Атырау облысында да көптеген ҮЕҰ-дар өздерінің  нақты істерімен халық арасында танымал болып жүр.

Облыстық форум аясында форум делегаттарының секциялық жұмыстары, ҮЕҰ үздік әлеуметтік жобаларының көрмесі көрсетіліп, 2011-2013 жылдардағы азаматтық қоғамның дамуы жайындағы мемлекеттік құрылымдардың есебі баяндалады. Сонымен қатар, Форум жұмысы соңында Форум ұсынымдары жасақталып, 2013 жылдың 14-15 қарашасында өтетін республикалық азаматтық форумға қатысуға делегаттар құрамы бекітіледі. Шара барысында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев Ғұсманұлы облыс әкімінің арнайы алғыс хатымен марапатталды.

 

Гүлжан Инжелова,

Атырау

Яндекс.Метрика