Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Аяулы асыл жандар

Аяулы асыл жандар

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Атырау медицина колледжінде «Аяулы асыл жандар» атты мерекелік байқау өткізді.

Байқаудың мақсаты – Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана болар қыздарды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу. Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу. Өзін көпшіліктің алдында ұстай білуге, жасымай өнерін көрсете білуге тәрбиелеу.

Кешімізді Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Даулетқазиев Ерболат Ғұсманұлына сөз кезегімен ашып берді. Сайыс алты кезеңнен тұрды. Бірінші кезең «Өзін-өзі таныстыру».Екінші кезең «Кім тапқыр».Үшінші кезең «Ең көрікті және тартымды».Қатысушылардың сән көрсетуі. Төртінші кезең «Ас адамның арқауы». Бесінші кезең «Сезімтал жүректі жандар».Өз өнерін көрсету. Алтыншы кезең «Ең үздік Құттықтау». (барлығына 3-4 минуттан берілді).

Кешіміздің арнайы қонақтары әділ қазылар алқасының құрамында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Жәукен Көшенов, 55-46 әскери бөлімінің командирының орынбасары Серік Әлібеков, «Батыс өңірлік қолбасшылығы» әскери бөлімінің полковнигі Қайрат Байымбетов, Қазақстан – Атырау телеарнасының шеф редакторы Нұрлыбек Ғизатов және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Даулетқазиев төрешілік етті. Сайысқа сегіз қатысушы қатысты. Расул Ғамзатовтың мынадай сөзі бар: «Ана дегеніміз – әлемнің жан дүниесі, оның бастауы мен таусылмас жалғасы. Ол тіршілік, үлкен тағдыр, махаббат пен шабыттың нәрі». «Ана» сөзі бізді елең еткізбей, жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды. Өйткені, тіршілікте анасыз тірі пенде болмас. Осындай ұлы мерекенің көктемнің алғашқы шуақты күндерімен тұспа-тұс келуінің өзі де жаратылыстың ерекше құдіретті сыйы.

Байқау әрі тартысты, әділ түрде өтті. Барлық қатысушы аруларымыз тамаша өнер көрсетіп, нағыз қазақтың қыздары екендігін дәлелдеп көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша алғыс хат иеленгендер «Ең үздік аспазшы» номинациясы Атырау көлік және коммуникация колледжі атынан Иманалиева Альбина Марксқызы, «Көрермендер көзайымы» номинациясы 5546 әскери бөлімінің қызметкері Құндыз Қабасова, «Байсалды ана» номинациясымен Атырау бизнес және құқық колледжінің атынан Елена Ешпулова, «Өнерлі өрге жүзер» номинациясымен Атырау агротехникалық коллежінің атынан Айнұр Кенжеғалиева, «Көктем ару» Атырау инженерлік-гуманитарлық колледжі атынан Индира Құлбалина алды. Ал І-орынды Атырау Медицина колледжінің атынан Сералиева Халила алса, ІІ-орынды Ішкі істер департаменті Айнұр Мажитова алды. ІІІ-орынды Атырау сервис колледжінің атынан Әсел Джайлауова жеңіске жетті. Барлық сайыскерлер бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Байқауға бұқаралық ақпарат құралдары және 200-ге жуық көрермендер қатынасты.

 

 

Гүлжан Инжелова

 

Яндекс.Метрика