Home » "Коммунист Казахстана", № 40//22.11.2013 » «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ: ӨСУ БАР ДА, ДАМУ ЖОҚ»

«ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БІЛІМ: ӨСУ БАР ДА, ДАМУ ЖОҚ»

Кіріспе

 

2013 жылы 11 қараша күні  Алматы қаласы «Достық» қонақ үйінде Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы (ҚКХП) және «Ар намыс» РҚБ оқытушы – ұстаздары, сондай-ақ «За развитие образования» Қоғамдық ұймымен бірлесе отырып, «Қазақстандық білім: өсу бар да, даму жоқ» тақырыбында жалпыұлттық азаматтық тыңдау өткізді. 

Бас қосуға ҚР Парламент Мәжіліснің депутаттары Г.Баймаханова, Ж.Ахметбеков, А,Қоңыров, Т.Өмірзақов, Білім және ғылым министрлігінің, Алматы қалалық әкімшілігінің өкілдері,  Жоғары оқу орындарының ректорлары және проректорлары, мектеп ұстазары және оқытушылар, студенттер, сондай-ақ Қазақстандағы білім саласына жаны ашыған барлық азаматтар жиылды.

 

Негізгі бөлім

 I – тарау. Қош келіпсіздер!

Жиынды ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Ахметбеков Жамбыл алғысөзімен ашып берді.

Құрметті, «Қазақстандық білім: өсу бар да, даму жоқ» тақырыбындағы  жалпыұлттық азаматтық тыңдауға келген қатысушылар, қош келдіңіздер! Біз, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы өткізіп отырған жиында Жоғарғы оқу орындарының басшыларын және жетекшілерін, Алматы қаласының Әкімшілігін және Білім басқармасын, басқа да саяси партияларды, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген педагогикалық қауымдастықтарды, азаматтық қоғам өкілдерін, Үкіметтік емес ұйым өкілдерін, сарапшыларды, Парламент Мәжілісінің депутаттарын және журналист қауымды көріп отырғанымызға қауаныштымыз. Барлығыңызға тыңдауға уақыт тапқандарыңыз үшін алғысымды білдіремін. Біз өткізіп отырған тыңдау билікке үндеу жолдағанда дұрыс, практикалық ұсыныстар жасауға көмектеседі деген ойдамыз. Сондайақ тыңдаудың қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылады. Барлығыңызды ашық әңгімеге шақырамын. Рахмет!

  II – тарау. Білімді ұрпақ болашақтың кепілі!

ҚКХП Алматы қалалық комитетінде Қазақстандағы білім беру жүйесіне қатысты жарты жыл көлемінде «Ашық байланыс телефондары» жұмыс істеді. Осы байланыс телефонына Қазақстанның барлық өңірінен білімге қатысты көптеген хат келіп түсті. Осы хаттардың нәтижесі бойынша ҚКХП Алматы қалалық комтетінің хатшысы Бейсенбай Елнұр есеп берді:

Байланыс телефондары жұмыс істеген жарты жыл көлемінде бізге 1000 астам адам хабарласты. Олардың әрқайсысының мәселесі әртүрлі. Халықтың көпшілігі, яғни 24 % әкімшілік мәселелер,  18% оқу үрдісі, 18% ҰБТ, 15% қаражат, 12 %  сауатсыз оқулықтар, басқа да көптеген мәселелер бойынша хабарласқан.

Қоғамдық тыңдаудың негізі де осы келген хаттарға құрылған болатын. Білімді ұрпақ – еліміздің болашаққа деген кепілі болып табылады.  «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.

Алайда қазіргі таңдағы білімнің жағдайы шын мәнісінде сын көтергісіз.  Соңғы жылдары білім жүйесіне қатысты мәселелер қаптап кетті. Балабақшадан жоғарғы оқу орнына дейінгі уақыт аралығындағы бала тәрбиесі мен білімі елеміздің жанды жеріне айналды. «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген бабаларымыз, бүгінгі жағдайды біліп айтса керек. Мемлекетімізде мектепке дейінгі білім, балабақшаларда орынның болмауы, ата-ананың баласын мемлекеттік балабақшаға орналастыру үшін кезегін жылдап күтуі қалыпты жағдайға айналып барады. Бұл туралы өзінің баяндамасында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова жеткізді.

̶   Біз әлсіз болып туыламыз – бізге күш керек, біз шарасыз болып туыламыз – бізге көмек керек, біз пайдасыз болып туыламыз – бізге сана керек. Біз дүниеге келгенде бойымыздан табылмаған қасиеттер, бізге қажеттінің барлығын – біз тәрбие арқылы аламыз» – бұл француз ойшылы Жан-Жак Руссоның айтқаны. Алға қойған міндеттерді орындау үшін билік және қоғам арасында байланыс керек. Себебі балаларды қолдау мемлекеттің дамуына бағытталған бірінші қадам. Балаларға – шынайы мемлекеттік көмек және қорғаныс қажет!

Қазақстанда 8 590 мектепке дейінгі мекемелер бар, олардың 3 128 балабақша және 5 462 шағын орталықтар. Онда 604 300 бала тәрбиеленуде. 2013 жылдың мамыр айындағы есеп бойынша ҚР-да 406 мың адамнан балаларын балабақшаға орналастыру туралы өтініш келген. Балабақша жеткіліксіз. Тәрбиешінің орташа жалақысы  2012 жылғы көрсеткіш бойынша 58 теңгені құрайды екен. Сонымен қатар қауіпсіздік мәселелері де жетерлік.

Бұл депутаттың бастамасы ғана болатын. Айналдырған бес минуттың ішінде ол кісі талай мәселенің басын ашты және бұл тек мектепке дейінгі мекемелердің жағдайы. Ал, шалғайда жатқан қазақ баласының тағдыры туралы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Қоңыров Айқын «Ауылдағы білім мәселелері» тақырыбындағы баяндамасында сөз етті. Депутаттың сөзі бойынша халықтың қалтасынан алынған салыққа мемлекет халықтың пайдасы үшін әлеуметтік саясат жүргізуі керек. Оның сөзінше білімге қатысты майдан (фронт) ұйымдастыру өкінішті жағдай, себебі майдан деген күресті білдіреді деп ауылдың жағдайын, ауылдағы балалардың білім деңгейін талқылады.

Үш сағатқа созылған тыңдауда ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Ж.Ахметбеков «ҚР жоғарғы білім: проблемалары және болашағы», Т.Өмірзақов білімге қатысты, ҚКХП ОК хатшысы Д.Легкий «Қазақстанда ғылым және білімді дамыту мәселелері және болашағы», «За развитие образования» қоғамдық фронтының мүшесі Ф.Вассерман «Білім сапасын бағалау мәселелері», «Аспандау» қорының президенті Қ.Нұров «Ғылымилықтың жоқ болуы заманауи білімнің мәселесі ретінде», «Ұлағатты жанұя» қорының президенті М.Гурина «Мектеп және отбасы» тақырыбында және басқада баяндамлар жасалды. Өзге партия өкілдері де білім саласына қатысты мәселелерде бірігіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.

 

III – тарау. Ханталапай.

Жиын соңына келгенде қыза түсті. Асыққа таласқан балалардай микрафонға таласқан халық, бірінен соң бірі өз ойларын айта бастады. Авиация колледжінен келген студенттердің бір ғана мәселеге бастары ауырып жүр екен. «Оқуды бтірген соң қайта кешенді тестілеуден өтеміз, неге  осы жүйені қайта қарамасқа, біз тестілеуден қашпаймыз, тек өзіміздің мамандығымыз бойынша тестілеуден өтейік» деген ұсыныстарын білдірді. Ал, ұстаздар болса мектептегі жемқорлық, қағазбастылық, кез келген шараға мұғалімдерді айдап салу мәселелерін доғару туралы пікірлерін білдірді. Сондай-ақ ұстаз жалақысының төмендігі, мектепке тексеру келген жағдайда сол аз жалақыдан ақша жинап, жемқорлыққа бастау мәселелері де айтылды.

Қорытынды

 

Жалпы жиында уақыт тапшылығына байланысты өз ойын білдіре алмаған барлық азаматтар және азаматшаларға баяндамаларын халықтық коммунистерге немесе электронды мекен-жай бойынша жіберсе болатындығы айтылды.

Жиынның қорытындысы ретінде ұйымдастырушылар жиналған қауымға ҚР Пример министрі С.Ахметовтың атына жолданған үндеуді оқып, сонымен бірге егер азаматтардың осы тақырып бойынша айтар ойлары, қосар пікірлері болса, үндеу соңындағы бос орындарға жазуды сұрады. Бұл үндеу міндетті түрде Пример министрге жолданады. Ал жиылған халық білімге қатысты мәселелердің барлығы оңынан шешіледі деген үмітпен тарасты.

Алматы қалалық комитеттің баспасөз хатшысы

Әзімхан Гүлнұр

Яндекс.Метрика