Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » «Балапан» базынасы

«Балапан» базынасы

2010 жылы Қазақстан үкіметі балабақшамен қамтамасыз етуді көздейтін «Балапан» бағдарламасын қабылдағаны есте. Бұл бағдарлама бойынша биыл кезекте тұрған балалардың 65 пайызы балабақшаға орналастырылуы тиіс. Бірақ кейбір қала тұрғындары мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының толық орындалуына шүбә келтіреді. Өйткені, бір Алматы қаласының өзінде биылғы күзде кезекте тұрғандардың тек қана 25 пайызы балабақшаға қол жеткізуі мүмкін. Мамыр айынан шілдеге дейін Алматы қаласының әкімдігінде балабақшаға алынатын бүлдіршіндердің тізімі жасалып жатыр.

Алматы қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің меңгерушісі Әлия Сағиева келтірген деректерге сенсек, дәл қазір қала бойынша 48 мың ата-ана кезекте тұр. Биыл күзде балабақшаға алынатындардың тізімі жақында анықталмақ. Бірақ олардың саны 12 мыңның төңірегінде ғана.

Жалпы, Алматы шаһарында 152 мемлекеттік, 117 жекеменшік балабақша бар. Жекеменшік балабақшалар қымбат болса да, қаладағы балабақша мәселесін шешуге біршама игі септігін тигізіп отыр. Биылдың өзінде Алматыда мұндай 16 жекеменшік балабақша тіркелген.

Әлия Сағиеваның айтуынша, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы бойынша жекеменшік балабақшаларға баратын әр балаға айына 40 мың теңгенің үстінде ақы белгіленеді. Оның жартысына жуығы бюджеттен бөлінеді, қалғанын ата-анасы төлейді. Бірақ мұндай жеңілдікке қол жеткізу үшін де ата-аналар әуелі кезекке тұруы керек.

Бұл бағдарламадан дербес жұмыс істейтін жекеменшік балабақша нарықтың ыңғайына қарай коммерциялық принцип бойынша қызмет көрсетеді. Олар әр бала үшін айына 50 мың теңге алады.

Алматы қаласында балаларын балабақшаға тапсыруға қолы жетпей жүрген ата-аналар зейнетке шыққан ауылдағы зейнеткер шешелерін алдырса, кейбірі «қолы бос» туыстарын шақырып амалдайды. Анасы да, қолы бос туған-туыстары да жоқтар жарнама арқылы күтуші қыз іздейді. Күтуші қызды ауылдық жерден тауып әкелетіндер де да аз емес. Демек, оңтүстік астанада «Балапан» бағдарламасы құрдымға кетуі ықтимал.

Санжар Арысов, Алматы

17.06.2013ж.

Яндекс.Метрика