Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » БАРАХОЛКА – ӨМІР ҮШІН КҮРЕС

БАРАХОЛКА – ӨМІР ҮШІН КҮРЕС

Алматы қаласында орналасқан ең үлкен базарлардың біріне  қатысты тағы да шу шықты. Барахолка атанған базардың қазіргі таңдағы жағдайы сын көтермейді, кез келген сәтте ол жерден өрт шығуы мүмкін деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі. Сол себепті Алматы қаласының ТЖД өртке қауіпті базарлардың барлығын жабу туралы сотқа арыз жіберді. Олардың қатарына бүгінгі таңда 24 базар кіріп отыр.

Естеріңізде болса бұл базар осы жылдың қыркүйек айында алғаш рет отқа оранған болатын. Өрт ауыздықталғанға дейін 5400 кв м. аумақ өртеніп, базар тарихында алғашқы үлкен өрт болған еді. Ол кезде  аяқ киімдер саттатын Олжа және Аян базарлары жанып кеткен болатын. Одан кейін қараша айының ортасында жалпы көлемі 3800 кв м. құраған Құлагер және Арал сауда орындары өртенсе, қараша айының 26 күні Алатау-2 базары өртенді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша базарға бару қауіпті. Себебі ол базарлардан кез келген сәтте өрт шығып, қала халқына қатер төндіруі мүмкін.

Біз қауіпсіздік ережелері сақталмаған сауда орындарының барлығының тізімін жариялап отырмыз. Азаматтар сауда жасауға, сондай-ақ тауарларын базарға шығармас бұрын осы тізімді оқысын, содан кейін өзінің мүлкін тәуекелге салады ма, жоқ па ойлансын, – дейді ТЖМ бастығы Владимир Божко журналистерге берген сұхбатында.

Ал өз кезегінде Алматы қаласының әкімшілігі де бұл базарлардың орнына жаңа сауда орталығы салынатындығын айтуда.

Жаңа сауда орталықтарын салумыз керек, себебі осы жылдың ішінде бірнеше өрт жағдайы болды. Ең соңғы рет болған үлкен көлемдегі өртте қаншама адам зиян шекті. Тіптен сол адамдардың өзі банк алдында өз құқықтарын қорғап қала алмады. Барлығы шулаған болатын, алайда ешкім дәлелдейтін құжаттар көрсетпеді,- деген болатын Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Бағдат Манзоров «Алматы» арнасының тілшілеріне берген сұхбатында.

 «Ары тартса арба сынады, бері тартса өгіз өледі» дегендей қайда тартсақта бұл жерде зиянды қара халық көріп отыр. Нәпақасын күнделікті базардан тауап жүрген саудагерлер қайда барарын, кімнен пана іздерін білмей сандалып жүр. Дипломдарын сандықтың түбініе салып, жұмыссыздықтың салдарынан базарды жағалағандар енді, өмір үшін күреске кірісті. Оларда оңайшылықпен беріспек емес. Ал биліктің айтары санитарлық ережелерге сай емес, қауіпсіздік ережелері сақталмаған базарды жабудан басқа амал жоқ.

 

Алматы қалалық комитетінің баспасөз хатшысы

Әзімхан Гүлнұр

29.11.2013ж.

Яндекс.Метрика