Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » БАСПАСӨЗ БАЯНДАМАСЫ

БАСПАСӨЗ БАЯНДАМАСЫ

2013 жылы 11 қараша күні Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы (ҚКХП) және «Ар намыс» РҚБ оқытушы –
ұстаздары, сондай-ақ «За развитие образования» Қоғамдық ұймымен бірлесе отырып, «Қазақстандық білім: өсу бар да, даму жоқ» тақырыбында жалпыұлттық азаматтық тыңдау өткізеді.
ҚКХП Алматы қалалық комитетінде Қазақстандағы білім беру жүйесіне қатысты жарты жыл көлемінде «Ашық байланыс телефондары» жұмыс істеді. Осы байланыс телефонына Қазақстанның барлық өңірінен білімге қатысты көптеген хат келіп түсті. Қоғамдық тыңдаудың негізі де осы келген хаттарға құрылады.
Білімді ұрпақ – еліміздің болашаққа деген кепілі болып табылады. «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін, біз, сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ, балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыздың қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп Елбасы Жолдауында атап көрсетті.
Алайда қазіргі таңдағы білімнің жағдайы шын мәнісінде қай деңгейде? Соңғы жылдары білім жүйесіне қатысты мәселелер көптеп туындауда. Қоғамдық тыңдауда мектепке дейінгі білім, орта білім, жоғары оқу орындарына қатысты мәселелер талқыланатын болады. Яғни, білім саласының дамусыз өрлеуі, оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, ҰБТ жүйесіндегі қателіктер, жоғарғы білімнің қымбатшылығы, білім ошақтарындағы жемқорлық, қағазбастылық және басқа көптеген сауалдар тыңдаудың негізгі тақырыбына айналады.
«Ашық байланыс телефондары» тоқтаусыз жұмыс жасап, халықтың ойын еш бүкпесіз жеткізетін ашық алаңға айналды. Халықтан келген арыз-талаптар, мәселені шешуге деген ұсыныстар әлеуметтік шиеленістерді шешуде және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі деген ойдамыз. Осы байланыстың қорытындысы ретінде билік және халық арасында пікір алмасу алаңын ұйымдастырып, қоғамдық тыңдау өткізуді жөн көрдік.
Қоғамдық тыңдауға ҚР Парламент Мәжіліс депутаттары, Білім және ғылым министрлігі, Алматы әкімшілігі, Жоғары оқу орындарының жетекшілері, студенттер, ұстаздар және оқытушылар қатысады.

 

БАҚ өкілдерін қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырамыз!

 

Өтетін уақыты: 11 қараша 2013 ж. Сағ. 11-00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі (Қонаев көш. қиылысы) 36, «Достық» қонақ үйі, «Алатау» конференц залы

Байланыс тел: 8 (727) 333-45-90, 8 701 333 81 66, 8701 144 52 89.

 

Яндекс.Метрика