Home » № 15//26.04.2013 » Бірлігі жарасқан – Қазақстан

Бірлігі жарасқан – Қазақстан

Елбасымыздың 1996 жылы қабылдаған Жарлығы бойынша, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні болып жарияланды. Айтулы мереке елімізде он жеті жылдан бері тойланып келе жатыр. 100-ге жуық түрлі ұлт өкілдері мен ұлыстары тату-тәтті тұратын еліміз үшін даталы күннің маңызы мен мәні айрықша екені сөзсіз. Еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерінің басын бір арнаға қосып, бір үйдің баласындай бауырмалдылық пен ізгілікке, кішпейілділік пен қарапайымдылыққа үйрететтін бұл күннің тағы бір ерекшелігі ұлттардың ұлттық құндылықтарына тереңнен бойлап, жақыннан тани түсу екені сөзсіз.

1 мамыр мерекесін әртүрлі мазмұнда әлемнің 66 мемлекеті тойлайды. Украинада 1 мамыр күні халық алаңда мереке ұйымдастырып, орманда серуен құрып, кәуап дайындайды. Оңтүстік Африка республикасында халықтық өнер туынндыларының көрмесін ұйымдастырып, төмен бағамен жалпы халыққа арналған тұрмыстық бұйымдар сатылады. Сицилияда – жергілікті халықтың сенімі бойынша бұл күні даладан түймедақ (ромашка) теру бақыт әкеледі-міс. Британияда 1 мамыр – демалыс күні. Ресей ипериясында 1890 жылдан бастап 1 мамыр мерекесі аталып келеді. Алайда 1897 жылы бұл бұқаралық бас көтеруге ұласады. Тек большевиктер 1917 жылдан 1 мамыр мерекесін тұрақты түрде атап өтуді дәстүрге айналдырған. 1 мамыр қызыл төңкеріс пен таптық күрестің символы болды. Кеңестік идеологияның тегеуріні сондай 1 мамыр күні Маяковскийдің «Бейбітшілік!, Еңбек! Мамыр!» деген сөзімен ұран тастап, алқызыл жалау желбіретіп, алаңда төбе көрсетпегендерді ертесіне жұмыстан шығарып жіберетін. КСРО –ның орнын басқан Ресейде 1 мамыр мерекесін 1997 жылдан бастап көктем және еңбек мерекесі ретінде атап өтеді. ТМД елдері ішінде Ресей мен Молдавия бұл мейрамда қатарынан 5 күн демалады. Әзербайжан, Грузия Түрікменстан және Өзбекстанда 1мамыр – жұмыс күні, бірақ өзбек, түрікмен жұрты бұл күні ұлттық тағам дайындап, өзбекше, түрікменше тойлайды.

Ал, бізде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың – феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше саяси маңызы зор құрылым.

Ассамблея 365 мүшесі, 471- ден астам республикалық, өңірлік, облыстық, қалалық ұлттық – мәдени бірлестіктері , 500- ге жуық кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп, біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді. Бүгінде әрбір ұлтқа салт – дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дмытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Өзара түсіністік, ұстамдылық әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі барлық этностарға ортақ жалпы халықтың идеалдар мен қасиеттерді қалыптастыруға әсер етті. Нәтижесінде әрбір ұлт конституциялық – құқықтық заңнама негізінде өзіне тән этностық ерекшелігін сақтай отырып, Қазақстанның қоғамдық құрылымына үйлесті сіңе білді. Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Кең байтақ Қазақстанды 130 дан астам ұлт пен ұлыс мекен етуде. Бұл ынтымақ үрдісі ғасырдан – ғасырға жалғасуда. Қазақстанды мекендеген ұлттардың төл мерекесін жыл сайын өткізу тағы бар. Қазақ, өзбек, орыс, тәжік, кәріс, түрік, т.б. өзге де ұлт өкілдерінің ұл-қыздары оқып, білім алып, болашаққа білікті маман, белгілі тұлға етіп шығаратын алтын шаңырақ Қазақстан халқының бірлігі күнін жыл сайын ерекше ілеппен атап өтеді. Сондай-ақ, революциядан кейінгі алғашқы жылдары қазақ жеріне көшіп келген өзге ұлт өкілдерінің қиын жағдайда келгені, оны бауырмал, жүрегі дархан қазақтың құшағын жая қарсы алып, бауырына басқаны халқымыздың ақпейілділігі мен қонақжайлылығының айғағы. Сол қонақжайлылықтың арқасында ата-бабамыздың маңдай терін төгіп, жаны құрбан ете отыр жеткен тәуелсіздіктің ақ таңы арайлап атып, өзге мемлекеттер қызығарлық татулық пен бірлікте тұрып жатыр сан ұлттың ұрпағы.

Елімізде бүгінгі күнге дейін сен кімсің? Тілің қандай? Қайдансың? Деген шеттету мен беттен қағуды көрмеген өзге ұлт өкілдері бүгінгі күнге дейін өз тілі мен ділін, дінін, салт-дәстүрін ұмытып, ұлтына жат болған емес. Керісінше біздің қазақ өкілдері соған зор мүмкіндіктер жасап, ұлтының өркендеп дамуына шетте жүрседе өзіндік үлсетерін қосып, перзенттік борыштаын атап өтуде.

Айта өтейік, 1 мамыр халықаралық еңбекшілердің бірлік және ынтымақ күнін әлемнің 140 елі атап өтеді екен.

Қарлығаш Хашымқызы

Астана

Яндекс.Метрика