Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » Біз тарифтердің өсуіне қарсымыз!

Біз тарифтердің өсуіне қарсымыз!

2013 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында Қызылорда қаласының И. Журба н/с мекенжайы бойынша орналасқан «Айғаным» кешенінің жиналыс залында «Біз тарифтердің өсуіне қарсымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Жиынға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, облыстық «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Әділет» партиясының облыстық филиалының төрағасы, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің ұстаздары, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының студенттері,сонымен қатар Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің мүшелері, ішкі саясат қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылардың барлығы тұрғындардың табыс өсімін олардың ауыздарына түсірмей қағып алып отырған коммуналдық қызмет тарифтерінің тоқтаусыз өсуіне қарсы екендіктерін және ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің осы бастамасын толығымен қолдайтындықтарын білдірді.

Біз халық коммунисттері бұдан бір ай бұрын осы мәселе бойынша жұртшылықтың кеңінен қатысуымен митинг өткізуді межелеп атқарушы органдарға ұсыныс енгізген болатынбыз. Алайда, қала әкімдігі митинг өткізуге рұхсат бермеді. Мұндай наразылық шаралары халық коммунистерінің бастауымен бүкіл республика көлемінде межеленген. Минтиг өткізуге Астана, Алматы, Орал, Таразда ғана рұхсат беріліп, ол митингілер 12 наурыз күні өткізілді. Бұл іс шаралар Қазақстандық телеарналардан көрсетіліп, басылымдарға шықты. Сол себепті еліміздің бірқатар азаматтары істің мән-жайынан хабардар.

Қызылорда облысы бойынша соңғы екі жылда электр қуатының тарифі 8,88 теңгеден 11,95 теңгеге, немесе 25,6 пайызға, жылу бағасы 16,4 пайызға, салқын ауыз су тарифі 9 пайызға артып кеткен. Ал қалалық телефон байланысы үшін төлемдер 400теңгеден 1600 теңгеге дейін көтеріліп кеткен. Сонымен бірге азық-түлік бағасы да тоқтаусыз қымбаттау үстінде. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша 2013жылдың қаңтарында өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ұн 27,6, ет 9-10, сәбіз, картоп тиісінше 31-36, қырыққабат 65,6 пайызға қымбаттаған. Бұл тек ресми ақпарат, ал базар бағасы бұдан да артық. Бұл тұрғылықты халықтың наразылығын тудырмаса, алғысына ие болып отырған мәселе еместігі анық.

Жылдан жылға қымбаттап бара жатқан азық-түлік бағасы қарапайым халықтың қалтасын қатты қағып отыр. Нарықтың қымбаттауы бүгінгі күні жаңалық болып отырған жоқ, бірақ жоғарыдағылардың бұл мәселеге көз жұма қарауы, ел қамын ойламауы деп түсінеді халық. Қазақстан Халық коммунисттері коммуналдық қызмет тарифтерінің өсуінен түскен табыс табиғи монополя нысандарының өздері айтқандай негізгі қорларды жаңартуға емес, тиісті салалардағы берекесіздіктен, ысырапшылықтан, ұрлықтан келген шығындарды жабуға жұмсалуда деп санайды. Бұл дегеніміз әділетсіздік! Сол себепті Халықтық коммунистер бұл әділетсіздікпен шамасы келгенше күресуде. Ал, бүгінгі өткен дөңгелек үстелден халық бізді бұл бастамада толығымен қолдайтындығын байқадық.

ҚКХП Қызылорда обкомының

Баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика