Home » Атырауский обком

Халық коммунистерінің туған күні

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – әділет органдарында 2004 жылы 21 маусым күні ресми тіркелген еді. 14-маусым күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті «Қазақстан Коммунистік Халық партиясының туған күні» мерекесіне орай партия мүшелері, ардагерлер мен жастар арасында жүгіру марафон акциясын өткізді. Акцияға партияның мүшелері, аудан хатшылары және жас комсомолдар барлығы 50-ге жуық адам қатысты. Акцияның мақсаты – Қазақстан... 

Соғылды соңғы қоңырау

Тағы бір оқу жылы өз мәресіне жетіп, соңғы қоңырауы соғылды. Кейбір оқушылар үшін бұл кезекті жазғы демалыстың, жазғы лагерлердің шаттықты үні болса, түлектер үшін мәңгі есте қаларлық балалық бал дәуреннің қол бұлғап қоштасып бара жатқан сыңғыры. Үлкен өмірге қадам басқан қуаныш пен ұстаздар, достармен қиыспау мұңы көңілдерді мың құбылтып бірде күлкі, бірде жанарларға жас ұялатады. С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға... 

Мүгедектерді қолдау – адамдық борышымыз

Жуырда облыстық қарттар үйінде Атырау облыстық мүгедектер қоғамының конференциясы өтті. Жиын үстінде қозғалған мәселе мүгедек жандардың бүгінгі хал-ахуалы біздің қоғамымыздағы маңызды мәселелердің бірі екені белгілі. Алысқа бармай-ақ тек біздің облысымыздың өзінде 15501 мыңнан аса мүгедек жандар бар. 2010 жылы 13513 адам болды. Сондықтан бұл жандарға деген қамқорлық та, әрине үдей түсу керектігі сөзсіз. Мемлекет тарапынан оларға тиісті жәрдемақы беріліп... 

Пионерлер күні

Естеріңізде болса, кеңес заманында мамыр айының 19-ы пионерлер күні ретінде аталып өтілетін. 19-мамыр күні Атырау қаласындағы №20,5,15 орта мектептерінде оқушылар арасында 15-ке жуық пионер қатарына қабылданып, жас ұрпақты коммунистік тәрбиелеу құралы ретінде пионерлер күні аталып өтілді. Кейінгі толқынға пионер сөзі жат естілер, бірақ алдыңғы толқын ағаларымызға таныс тіркес. Адалдыққа ант қабылдап, мойынға қызыл галстук таққан кеңес жастарына тазалық... 

Кезектен тыс VIII-конференция

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық комитетінің хатшысы Кенжин Төлеш Атырау қаласына іс-сапарымен келді. 16 мамыр күні ҚКХП Атырау облыстық комитетінің мүшелерімен кездесіп, жұмыстарымен танысты. Кенжин Төлеш Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен сұхбаттасу барысында Атырау облыстық комитетінің атқарып жатқан... 

Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

Ұлы Жеңіс мерекесі Атырау аймағында да салтанатпен атап өтілді. Ұлы Жеңістің 68 жылдық торқалы тойы, бүкіл еліміздегідей, Атырау аймағында да кең көлемде салтанатпен аталып өтті. 9-мамыр күні жылдағыдай дәстүрмен Жеңіс саябағында өткен Ұлы Отан соғысы боздақтарын еске алу салтанатына жиналған халықта қисап жоқ. Бұл күні алаңда мерекенің маршына айналған «Жеңіс күні» әні тынбастан шырқалып тұрды. Ұлы Отан соғысында қаза болған боздақтарға арналған Мәңгілік... 

ЕЛІМНІҢ ҚҰРЫШ ҰЛАНЫ – БЕЙБІТ КҮННІҢ ҚОРҒАНЫ

Күнтізбеде тағы бір «қызыл күн» пайда болды. 7 – мамыр Отан қорғаушылар күні – бұдан былай мемлекеттік мереке ретінде бірінші рет аталып өтіледі. Бұл мерекенің жас ұрпаққа маңызы өте зор. Ер жігіт үшін ең қымбат сезім Отан қорғау сезімі деп білеміз. Тепсе темір үзетін кез келген ер-азамат әскери борышын өтеуге асығады деп ойлаймыз. Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызмет атқару әрбір қазақ азаматының аса маңызды әрі құрметті міндетінің... 

Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні

Ұлттың ұлы үміті – Жастар. Саналы да сапалы, білімді де белсенді жастары бар елдің қашанда еңсесі биік, болашағы зор болмақ. Сондықтан ертеңгі елдің бақыты жастардың қолдарыңда деп елбасымыз сенім артқандай, халық рухы – ел болашағы жастардың, бүгінгі тәуелсіз ұландардың қолында екені даусыз. Осындай алыпты жастардың 24-сәуір Халықаралық жастар ынтымақтастығы күні мерекесіне орай Қазақстан Коммунистік Халық пратиясы Атырау облыстық комитеті «Шексіз... 

Лениннің туған күні

Атыраулық халық коммунистері бастаған топ 19-20 сәуір күндері В.И.Лениннің ескерткіші орналасқан алаңда үлкен тазалық жүргізіп, мектеп мұғалімдері мен оқушылары және колледж студенттері сенбілік жасады. Ал, бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті Владимир Ильич Лениннің 22-сәуір туған күніне орай партия және еңбек, тыл ардагерлері, комсомолдар, «Фронтовичка» халық қоры ансамбль мүшелерінің қатысуларымен Тұрғын үй қалашығында... 

Әйелдер 63 жасқа дейін жұмыс істейтін болды

Қазақстан әйелдеріне 63 жасқа дейін жұмыс істеуге тура келетінге ұқсайды. Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кешегі отырысында Министрлер кабинеті әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ерлермен теңестіруді қарастыратын «Қазақстанда зейнетақыны қамтамасыз ету туралы» және «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақыны қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын мақұлдады. Қазақстан... 

Менің қалам – жасыл қала

Қазақстан Коммунистік Халық пратиясы Атырау облыстық комитеті жастарға патриоттық рухқа, отансүйгіштікке, еңбекке баулуға, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу мақсатында «Менің қалам – жасыл қала!» атты тал егу акциясын өткізді. Акцияның мақсаты – қаланың көркін келтіріп, гүлдендіру. Туған жеріміздің тамылжыған тамаша табиғатын сүю, оны қастерлеу әрбір адамзаттың парызы деп білеміз. Халық коммунистері қалада жасыл желектің қатарын толықтыруға Атырау... 

Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

Наурыз – күн мен түннің теңеліп, табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп, жаңаратын кезі. Наурыз-ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып, бір – бірімен құшақ жайып, емен – жарқын табысатын айы. Наурыз – табиғат атаулының тіріліп, өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы. Наурыз жаңа күн деген мағына білдіреді. Бұрын халқымыз Наурызға ерекше дайындықпен келген. Әрбір отбасы үйіне қос шырақ жаққан, ыдыстардың бәріне ақ құйған. Бұл адамзаттың Табиғат... 

Орынды мәселелер қозғалды

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерінің бағасының қымбаттауына және коммуналдық қызметтердің тарифтерінің өсуіне байланысты Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті дөңгелек үстел өткізді. 2013 жыл басталғалы бері Қазақстанның бірқатар аймақтарында бірнеше қызмет ақысы қымбаттады. Мамандар «қосымша қаржы саласын жақсарту керек» десе, қарапайым тұрғындар бұған күмән келтіреді. Бұл дөңгелек үстелдің мақсаты: Электроэнергияның,... 

Аяулы асыл жандар

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Атырау медицина колледжінде «Аяулы асыл жандар» атты мерекелік байқау өткізді. Байқаудың мақсаты – Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп, оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру. Ана еңбегін еш нәрсемен өлшеуге болмайтынын, түн ұйқысын төрт бөліп, баласын азамат етіп тәрбиелейтін, сондықтан да барлық ананы, болашақ ана... 
Яндекс.Метрика