Home » Атырауский обком

Құрбан айт құтты болсын!

Құрбан айт мерекесінің мән-маңызы және оны дұрыс атап өтудің жөн-жосығы. Жалпы ислам дініндегі мейрамдардың барлығы мұсылман қауымын ғана емес, сонымен бірге адамзаттың дүйім жұртын татулық пен бірлікке, сыйластық пен ауызбірлікке, кешірімге шақыратыны белгілі. Олай болса, Құрбан айт мерекесі де адамдардың бірі-біріне ізгі ниеттер тілеп, бір-бірінің көңіл-күйін көтеріп, ренжітіп алған кездері болса кешірім жасасатын күн. Қасиетті Құран Кәрім және Ислам... 

Жастар алға өрлейді

Жақында Алматы қаласында «Zhascamp-12» атты неформалды конференциясы болып өтті. ZhasCamp – Қазақстан жастар ұйымдарының мүшелеріне және жас белсенділерге арналған (бей) конференция. Бұл конференцияға Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті жанындағы комсомол жастар қанатының мүшесі Жанияров Дәулет Ерболатұлы партиямыздың жұмыстарын таныстырып, қатысып қайтты. Осы жылы «Zhascamp-12» Халқаралық «ІТ» университетінде өтті. Онда Қазақстанның... 

Коммунистер тегін жолақы үшін күреседі

13 қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшелері өз пленумында қала әкімі Серік АЙДАРБЕКОВ пен қалалық мәслихат депутаттарының атына жазған ашық хатты қабылдады. Бұл хатта коммунистер зейнеткерлерді барлық маршруттар бойынша қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік жасауға қол жеткізу қажеттігін жазған. – Астана қаласында да зейнеткерлер қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие. Олай болса, неге бізде, Атырауда да солай қылмасқа?... 

АРДАГЕРЛЕРІМІЗ – АРДАҚТЫЛАРЫМЫЗ

17 қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетімен бірігіп, Қалалық білім бөлімі «Тимуршылар» қозғалысын жандандырып, жағдайлары нашар, мүгедек қарияларға көмек көрсету мақсатында қала тұрғыны Ұлы Отан соғысының ардагері Сәлімгерей Қарабаев қарияның үйін жинастырып, тазалық жұмыстарын жүргізіп қолдарымыздан келгенше жәрдем беру шарасын өткіздік. ҚКХП Атырау облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат Ғұсманұлы Дәулетқазиев... 

Қойылған мақсаттарға жету жолдары

13-қазан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ІІ-ші пленумы өтті. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының VIII-есеп беру баяндамасында осы партиямыздың Орталық Комитетінің хатшысы Владислав Борисович Косарев өз сөзінде Коммунистік партияның құрылуы мен оның атқарып жатқан ісінің дұрыс екенін уақыт өзі анықтап бергенін айтқан болатын. Бұл, әрине, өте батыл да тәуекелге бел байлаған қадам болғаны сөзсіз. Алға қойған мақсат... 

Мүгедектердің мерекелік кеші

Қазан айының екінші жексенбісі Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 1993 жылы 15-маусымдағы Жарлығымен Қазақстан Республикасы мүгедек жандарының күні болып белгіленген. Осы мереке күнінің құрметіне арналған облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрында мүмкіндігі шектеулі өнерпаздардың «Өмір гүлі» ансамблінің концерті өтті. Қоғамның әлсіз топтарына қамқорлық жасап, көмек көрсету – әлеуметтік саясаттың басым бағыттарының... 

Жизнь среди детей и для детей

Мало кто из работающих на благороднейшей, но наитруднейшей ниве образования земляков в Атырау и даже по области не знает Ерболата Гусмановича Даулетказиева. А ведь начинал он свою трудовую деятельность в далёком 1975 году прошлого столетия учителем начальной военной подготовки и физического воспитания в средней школе № 10 имени Сабита Муканова в Гурьеве. И по сей день бывшие его ученики не с дежурной, а искренней благодарностью вспоминают военрука и... 

«Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!»

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің қолдауымен, комсомол жастар қанатының ұйымдастыруымен 29-30 қыркүйек күндері Атырау қаласының № 24, 22, 27, 10 мектептерінің 7,8 сыныптарының оқушылары арасында «Спорт күш қуат, спорт сергектік, спорт денсаулық!» атты кіші аяқ добы турнирін өткізді. Турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа кеңінен тарту, спортқа деген көңілдің бөлінуі, мектеп оқушыларын достыққа, патриоттық... 

Қариялар алғысын жаудырды

27 – қыркүйек күні Халықаралық қарттар күніне орай Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті мерекені атаусыз қалдырмай аз қамтылған отбасындағы қарияларды мерекелерімен құттықтап, үйлеріне барып сый-сыяпат жасап, құрмет көрсетті. Солардың бірі он үш жыл бойы өзінің өмірі мен қызметін адам денсаулығына арнаған ақ халатты абзал жан медбике қызметін атқарған, қазір зейнеткерлік жасына шыққан Кузеняткина Лидия Сергеевна. Қарттарымызды... 

Облыстық саяси партиялар филиалдары жетекшілерінің барша Атырау халқына үндеуі

20 – қыркүйек күні «Болашағымызды бүлікшілерге бермейміз!» атты діни тақырыпты талқыға салумен конференция өтті. Бүгінде Қазақ елі аңсаған арманына жетіп, тәуелсіз еліміздің жоғы табылып, өшкеніміз жаңғырып жатқаны анық. Осындай жоғалған құндылықтарымыздың бірі – асыл дініміз. Дәстүрлі дінді берік ұстап үлкеннің сөзін ұйып тыңдаған халық үшін ұлт келешегі мен ұрпақ тәрбиесі маңызды нәрсе. «Еңселі елдің іргесін есер ағым бұзар» деген халық даналығы... 

Тілі ғұмырлы елдің – Туы тұғырлы

20 – қыркүйек күні Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қарсаңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті № 5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінде «Тілі ғұмырлы елдің – Туы тұғырлы» атты дөңгелек үстел және ашық тәрбие сағатын 4 «в» сыныбында өткізді. Дөңгелек үстелдің мақсаты – оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы және оны құрметтеуге баулу. Тіл мерекесіне орай партия ұйымы мектеп кітапханасының қоржынына... 

Хабарлама

Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қарсаңында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті «Тілі ғұмырлы елдің – Туы тұғырлы» атты дөңгелек үстелін өткізеді. Бұл дөңгелек үстелдің өткізілу мақсаты оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы және оны құрметтеу туралы айту. Тіл мерекесіне орай партия ұйымы мектептерге әдеби кітаптар сыйға тартады. Өтетін уақыты: сағ.11:00 де 20 қыркүйек 2012 жыл Өтетін орны: № 5 Ғ.Мүсірепов... 

Жас коммунистердің жаңа қадамы

14 – қыркүйек күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитеті колледж студенттерін комсомол қатарына, партия мүшелігіне қабылдады. Политтехникалық, Атырау инженерлік-гуманитарлық колледждерінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің студенттері және партия ардагерлері «Нұр Отан», «Ақ жол» партияларының мүшелері қатысты. Алғашқы сөз кезегін  ҚКХП-ның Орталық комитетінің мүшесі Атырау облыстық бақылау... 

ПРАВА ЧЕЛОВЕКА – ПРЕЖДЕ ВСЕГО

Сегодня в Казахстане живут порядка 16,7 миллиона человек. Одни из нас работают на госслужбе, другие заняты в сфере бизнеса, третьи через несколько дней пойдут учиться в школу или вуз, а совсем маленькие граждане страны ходят в детсады. То есть, каждый занимается своим делом. И каждый вечер мы собираемся за большим столом, спокойно ужинаем, обсуждаем последние новости. Потому что у нас есть уверенность в сегодняшнем и завтрашнем дне, и такую стабильность... 
Яндекс.Метрика