Home » Кызылординский обком

Жастар ынтымақтастығы күні

Сәуірдің 24-ші жұлдызы елімізде «Жастар ынтымақтастығы» күні. Бұл күні жастар бір-бірлерін ғана құттықтап қоймай, біздің тарапымыздан еленуі мақсатында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті жастар көп шоғырланған жерлерге шығып, «Ынтымақтастық күнімен шын жүректен құттықтаймыз»- деген жылы лебіздерін білдірді. Қаламыздың Шұғыла мөлтек ауданында орналасқан Бұқарбай батыр ескерткіші маңында және Ы.Жақаев көшесінде... 

Революция тарланы

Аптаның ең алғаш күні сәуір айының 22 жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің мүшелері әдетінше Ленин бабамыздың ескерткіші орналасқан қаламыздың орталығындағы жастар паркіне аттанды. Гүл шоғын қойып, ғұламамызды еске алу жыл сайынғы дәстүрге айналған. Біз барғанымызда В.И.Ленин ескерткіші орналасқан саябақтың айналасы тазаланып, ескерткішті де тазалау жұмыстары жүргізіліп қойған екен. Тарихи тұлғалардың... 

Бәріміз сенбілікке!

2013 жылдың 19 сәуірі күні Қызылорда облыстық саяси партиялар орталық тағзым алаңына шығып, сенбілік ұйымдастырды. Саяси партия мүшелерімен қатар мемлекеттік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер де бұл іс-шараға ат салыса қатысты. Таң ертеңнен бастап тағзым алаңы жұмысшы халыққа тола бастады, табиғаттың өзі қолдап тұрған сияқтанып күн жайдарлы шуағын шашып тұрды. Әсіресе, «Нұр Отан» ХДП, «Жас Отан» жастар қанаты, «Әділет» партиясы , және «ҚКХП» мүшелері... 

Ескерткіштерді қорғау күні

Үстіміздегі жылдың сәуір айының 18-ші жұлдызында Қызылорда қаласының «Ақмешіт» институтының маңайында орналасқан Бұқарбай батыр ескерткішінің жанында салтанатты кеш болып өтті. Халықаралық ескерткіштерді қорғау күніне арнайы арналған іс-шара аталған институт мұғалімдері мен студенттердің ұйымдастырылуымен өткізілді. Алғы сөзді институт басшысы бастап, жалғасы батырымыздың өмірбаяны мен өлең жолдарын оқумен ұласты. Көрермендер арнайы сценариймен... 

Студенттерге жеңілдік!

Үстіміздегі жылдың 17-ші сәуір айында Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Қызылорда облыстық комитетінің ұйымдастыруымен 3-ші ірілендірілген квартал мекен-жайда орналасқан, облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамының мәжіліс залында «Студенттерге жеңілдік» атты дөңгелек үстел жиыны болып өтті. Іс-шараға ҚКХП Қызылорда обкомының мүшелері, мемлекеттік құзырлы органдар, облыстық, қалалық маслихат депутаттары, саяси партия өкілдері, мемлекеттік... 

Коммунисты поддерживают идею общественной палаты

5-го апреля 2013 года Общественная палата по устойчивому развитию региона совместно с Общественным Объединением «Кызылординского областного общества защиты прав потребителей» провела круглый стол на тему «Проблемы пассажирских перевозок г. Кызылорда, совместная выработка решений». На мероприятии принимали участие представители внутренней политики города и области, представители управления поддержки предпринимательства и промышленности, отдела... 

Ауыл округтері әкімдерін сайлау

Елімізде демократиялық үрдістерді қалыптастырудың, билікке халықтың тікелей араласуының бір тетігі осы ауыл округтері әкімдерін сайлау болып табылатынын белгілі. Дегенмен қазіргі кездегі қолданылмақ болып отырған ауыл әкімдерін аудандық мәслихаттар деппутаттарының сайлауы көңілге қонбайтын тірлік деп санаймын. Бұл сайлау емес, сайлау ойыны дер едік. Өйткені, әкім боламын деген үміткерді олар жете білмейді. Әкім тағдырын, оның артында тұрған ауыл... 

Сенбілікке шығып, халықтан алғыс алдық!

Асыға күткен көктемнің жайма шуақ күндері де келіп жетті. Жер-көктің барлығы жаңарып, жасылданып, жаңа өмір басталған мезгіл көңілге қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бүкіл жұмысшы халық егістікке, қырға, далаға еңбек етуге шығып, айналаның барлығы тіршілікке толы. Ал, қала жұртшылығы әлдеқашан қаланы көркемдеуге көшкен. Қала тазалығы көктемнің осы бір күндерінде қала тұрғындарының күнделіктіайналысатын тірлігі болуы тиіс. Әр мекеме, әр ұйым,... 

Ұлыстың ұлы күні – халықпен бірге!

Мұсылман қауымы үшін ең асыл айлардың бірі Наурыз айының күн мен түн теңелетін 22-ші жұлдызы күні Қазақстанның бүкіл аумағы ұлы мереке Наурыз тойын атап өтті. Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз – жыл басы. Табиғаттың өзі де «Көктем келді, жаңа жыл келді!» деп айқайлап тұрғандай болып, күн шуағына бөленіп тұрды. Облысымыздың түгел дерлік барлық жерінде... 

Біз тарифтердің өсуіне қарсымыз!

2013 жылдың наурыз айының 15-ші жұлдызында Қызылорда қаласының И. Журба н/с мекенжайы бойынша орналасқан «Айғаным» кешенінің жиналыс залында «Біз тарифтердің өсуіне қарсымыз» атты дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, облыстық «Ару ана» қоғамдық бірлестігінің мүшелері, «Батыр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Әділет» партиясының облыстық филиалының... 

Мерекеге айналған жиын

Үстіміздегі жылдың наурыз айының 2-ші жұлдызында Қызылорда орталығында орналасқан «Айғаным» кешенінің жиналыс залында ҚКХП Қызылорда облыстық комитетінің кезекті ІІІ пленумы болып өтті. Пленумға Облыстық комитет мүшелерімен қатар ҚКХП Орталық комитетінің хатшысы Жамбыл Ахметбеков, партия ардагерлері, аудандық комитеттердің хатшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, өңірлік басқарма қызметшілері, партия белсенділері және партия мүшелері қатысты.... 

Халықты үмітінен айырмайық!

Адамзат баласына жайлы өмір сүру үшін қажетті әлеуметтік факторлардың ең бастысы сапалы білім алу мүмкіндігі, сонан соң өзіне тиісінше жұмыспен қамтылуы және баспанасының болуы. Сырт көзге қарасақ өте қарапайым дүниелер, дегенімен бұлардың біреуі болмаған жағдайда адам толыққанды өмір сүріп жүр деп ауыз толтырып айтуымыз бекер. Білім алу қазіргі күні оңай дүние емес екендігі баршамызға мәлім, дегенімен түрлі әлеуметтік жеңілдіктер мен үкімет тарапынан... 

Тапқыр жастар додасы

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Орталық Комитетінің ұйымдастыруымен «ҚКХП таңдаулы Слоганы» және «ҚКХП таңдаулы Ұраны» атты республикалық байқау жарияланған болатын. Оған еліміздің бүкіл облыстары жұмыла атсалысты. ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті үстіміздегі жылдың қаңтар айының 17-ші жұлдызынан бастап өз жарнамаларын жариялап, халықты оның ішінде жастарды осы акция жайында хабардар ете бастады. Қаламыздың орта және жоғарғы оқу орындарының... 

Жастарымызды мейірімділікке тәрбиелейік!

Қызылорда қаласында биылғы қыс басқаларға қарағанда ерекше болды десек те болады. Молынан жауған қар балаларға қуаныш алып келіп, ал үлкендерді әбігерге түсірді. Айналаның барлығы аппақ қарға бөленгені әрине керемет, алайда барлығының алдында қар күреу жұмыстары күтіп тұрғаны анық. Былайынша қарағанда ойнап жүріп ақ күреп тастауға болатын жайт секілді, дегенімен бұл жұмыс барлық жастағы азаматтардың қолынан келе бермейтін іс. Жас кезінде тауды аударып... 
Яндекс.Метрика