Home » Кызылординский обком

Сыр еліндегі үгіт – насихат науқаны

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің сайлау штабында «Есіктен-есікке» кампаниясының жұмыстары жалғасуда. Жаңа жыл мейрамымен құттықтау, мерекелік открыткаларды тарату, тұрғындарымызға жылы лебіздерін білдіру жұмыстары қатар жүруде. Жаңа 2012 жылдың алғашқы күндері қаламыздың Шұғыла мөлтек ауданындағы бірқатар үйлерді үгітшілер тобының жетекшісі Досмаханова Мөлдірдің бастауымен үгітшілеріміз үй аралап, тұрғындармен... 

Алғашкы нәтижелер

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облысы Шиелі ауданының партия мүшелері аудандық «Мәдениет үйінде» кездесу өткізді. Бұл кешке 200-ге жуық адам жиналды. Кездесуде Шиелі аудандық штабының жетекшісі Алдияров Әбдімомын партияның сайлауалды бағдарламасымен халықты таныстырып өтті. Сонымен қатар Жаңа жылдық мереке қарсаңында жергілікті тұрғындарды Жаңа жылдарымен құттықтап, құттықтау парақшаларын және де «Коммунист Казахстана» газетінің... 

Сайлау науқаны

Қазақстанға бақылаушы ретінде келген ТМД мен АҚДИБ/ЕҚЫҰ өкілдері өз жұмыстарына етене кірісті. Желтоқсанның 28-ші жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының (ҚКХП) Қызылорда облыстық комитетіне АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшілігінің саясат-экономика бөлімінің екінші хатшысы Мэтью Бригс келді. Облыстық сайлауалды штабының басшысы Жұмабек Досаевпен және партия мүшелерімен танысып болған соң қонағымыз партия өмірі мен, атқарылып... 

Компартияның Қызылордадағы штабына ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының бақылаушылары келді

Сыр еліне желтоқсанның 23 күні жеткен Бо Гулак Флиндт пен Алексанру Симионовты облыстық штаб жетекшісі Жұмабек Досаев қарсы алып, партияның саяси додаға дайындығы мен сайлауалды үгіт-насихаты туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұнымен қоса, миссия өкілдеріне үгіт-насихат науқаны аудандарда да қызып тұрғаны және қызылордалық коммунистердің саяси додаға сақадай сай екендігі жеткізілді. Облыстан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттығынан Жалағаш аудандық... 

Марапаттау

Үстіміздегі жылдың желтоқсан айының 15-ші жұлдызында Қызылорда облыстық әкімшілігінің баспасөз клубында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай өнер, ақпарат және қоғам қайраткерлерін марапаттау рәсімі өткізілді. Осы іс-шара барысында Қазақстан Коммунистік Халык партиясының Қызылорда обкомының І-ші хатшысы Досаев Жұмабек – Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 10 қарашадағы Жарлығы бойынша «Қазақстан Республикасының... 

Қызылорда ақпараты

Егемендік алғанымызға 20 жыл толуына орай үстіміздегі жылдың 16-шы желтоқсан күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитеті «Саяси қуғын сүргін құрбандары» ескерткішінің алдына гүл қою рәсімін өткізді. Бұл іс-шараға обком мүшелері мен үгітшілер тобы және жергілікті партия мүшелері қатысты. Ескерткіш алдына гүл шоғы қойылып, обкомның І-хатшысы Досаев Жұмабек сөз сөйледі. Мұның куәгері қаламыздың жергілікті телеарнасы... 

Қызылордалықтар жиын өткізуде

Желтоқсан айының 14-ші жұлдызында Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінде жиналыс болып өтті. Жиналысқа обком және райком мүшелері қатысты. Жиын мақсаты ҚКХП Сайлауалды тұғырнамасы және бағдарламасынан туындайтын жергілікті партия комитеттерінің міндеттері туралы. Сонымен қатар жиынға жиналғандар аудандардан ұсынылып отырған кандидаттар тізімімен таныс болды. Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мәжіліс депутаттығына... 
Яндекс.Метрика