Home » № 6//15.02.2013 » ДƏУІРДІҢ ҰЛЫ

ДƏУІРДІҢ ҰЛЫ

ҚКХП-ның Алматы қалалық комитеті жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев тұрақты түрде өскелең ұрпаққа өмірі үлгі боларлық алматылық тұлғалармен кездесу өткізеді.

Айта кету керек, кездесуге өмірдің шырғалаң соқпақтарын арта қалдырған, толарсақтан қан кешкен майдандарды басынан өткерген, еңбек жолында абыройға ие болған, партиялық немесе қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен жандар шақырылады.

Өткен жұмада қалалық комитет кеңсесінің кезекті қонағы, алмағайып дəуірдің көзі тірі куəгері Дмитрий Васильевич Алатырцев болды. Ақпан айында бізді екі бірдей айтулы күн күтіп тұр.

Бірі – Сталинград шайқасының 70 жылдығы, екіншісі – қызыл əскердің құрылуы. Д.В Алатырцев бұл екі мерейтойға тікелей қатысы бар азамат. Сталинград шайқасының ардагері. Қызыл əскерде көп жыл қызмет етті. Дəуір оқиғалары жас Димаға қандай ықпалын тигізді? Қандай азамат етіп қалыптастырды?

Естеліктері туралы қазір не ойлайды?Бүгінгі бейбіт күннің жастары үшін бұл сұрақтардың жауабы аса қызықты болары хақ.

Сұрапыл соғыс басталарда ол мектеп қабырғасында жүрген бозбала еді. Барлық бозбалалар секілді ол да қаруарақты жақсы көріп, өзі құралпы бірнеше жаспен бірге автомат, пулемет секілді қаруларды бүге-шүгесіне дейін ақтарып, шашып-жинауды үйрететін үйірмеге қатысады. Құтқарушы болуды армандап, бос уақытында кəсіпқой құтқарушылармен бірге ұдайы жаттығу жасап жүрген. Бір күні кəсіпқой құтқарушылар орнына бозбаланы қалдырып, өздері жарты сағатқа бір шаруаларын тындырып тастауға кетеді.

Аяқ астынан тосын оқиға боларын қайдан болжасын! Бес минуттан кейін үш бірдей өрімдей қыз су астына кетеді.

Жас екеніне, тəжірибесінің аздығына қарамастан оларды құтқаруға ұмтылады. Жүзе алмайтын қыз суға кетіп, оны құтқармақ болған құрбыларын өзімен бірге су табанына қоса əкеткен екен. Дима үш қызды да сыртқа алып шығады. Екеуі аман, біреуі, өкінішке қарай, қорқыныштан жүрегі жарылып өлген екен.

Құтқарушыларды жұмыс орнын тастап кеткені анықталып, жазаға тартпақ болады. Бұл үшін бозбала өзін кінəлі санайды. Осы оқиғаның ертеңіне радиодан сұрапыл соғыстың басталғанын естіп, кəмілет жасына толмаса да, əскери бөлімге алғашқылардың бірі болып келеді. Əскерге алуға жасының жетпейтінін алға тосқан командирлерге өзінің пайда əкелетінін айтып, өзі секілді жастарды жүк көліктерін жүргізуді, жөндеуді үйретеді. Алатырцев қаружараққа, көлік жүргізуге деген балалық құштарлығы соғыста үлкен кəдеге жарағанын айтады. Алдымен Мəскеудің түбіне келген фашистермен ұрыстарға қатысады. Сосын Курск маңында Вермахттың генералы Манштейнның оңтүстік тобының шабуылына тойтарыс беруге қатысады. «Жойқын шабуыл жасалды. Шығынымыз көп болды. Бірақ біз табандап жылжымадық. Қайсарлықпен ұрыстық. Біз алдымыздағы екі жүз метр жерден басқа ештеңені байқамадық. Курск доғасында тарихта бұрынсоңды болмаған сұрапыл шайқас болғанын ол кезде білген жоқпыз. Өзіміз соның куəгері болсақ та, ол жағын кейін тарихтан білдік», – дейді Алатырцев.

Киевті азат ету кезінде жүйкеге зақым келген ауыр жарақат алады. Бірақ бұған қарамастан Берлинді қоршауға, Шығыс Еуропа елдерін азат етуге қатысады.

Германия тізе бүккен соң, Қиыр Шығыста жапондарға қарсы ұрыстарға аттанады.

Жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше медальдарымен марапатталады. Соғыс біткен соң, жарақаттарын емдеу үшін Ташкент пен Алматыны таңдасын деген бұйрық келеді.

Əрине, Алатырцев Алматыны таңдайды. Осында үйленіп, от басын құрады. Сөз жоқ, бұл майдангердің қысқаша ғана өмір жолы. Бірақ оның тасасында қаншама қиыншылық, азапты күндер, тамаша достардан айырылу, сұрапыл қантөгіс тұр. Бастысы, сол кездегі буынға тəн өрлік пен ерлік, тас қамал төзім мен ерік-жігер тұр.

Буыны қатып үлгермеген бозбалалардың отанды қорғауға деген құштарлығы, еліне деген сүйіспеншілігі жатыр. Алатырцевтен біздің буынның алар үлгісі осы.

Санжар Арысов,

Алматы

Home » Алматинский горком, Партийная жизнь » Дәуірдің ұлы

Дәуірдің ұлы

ҚКХП-ның Алматы қалалық комитеті жанындағы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Вячеслав Артемьев тұрақты түрде өскелең ұрпаққа өмірі үлгі боларлық алматылық тұлғалармен кездесу өткізеді. Айта кету керек, кездесуге өмірдің шырғалаң соқпақтарын артта қалдырған, толарсақтан қан кешкен майдандарды басынан өткерген, еңбек жолында абыройға ие болған, партиялық немесе қоғамдық жұмыстарда ерекше көзге түскен жандар шақырылады. Өткен жұмада қалалық комитет кеңсесінің кезекті қонағы, алмағайып дәуірдің көзі тірі куәгері Дмитрий Васильевич Алатырцев болды.

Ақпан айында бізді екі бірдей айтулы күн күтіп тұр. Бірі – Сталинград шайқасының 70 жылдығы, екіншісі – қызыл әскердің құрылуы. Дмитрий Алатырцев бұл екі мерейтойға тікелей қатысы бар азамат. Сталинград шайқасының ардагері. Қызыл әскерде көп жыл қызмет етті. Дәуір оқиғалары жас Димаға қандай ықпалын тигізді? Қандай азамат етіп қалыптастырды? Естеліктері туралы қазір не ойлайды? Бүгінгі бейбіт күннің жастары үшін бұл сұрақтардың жауабы аса қызықты болары хақ.

Сұрапыл соғыс басталарда ол мектеп қабырғасында жүрген бозбала еді. Барлық бозбала секілді ол да қару-жарақты жақсы көріп, өзі құралпы бірнеше жаспен бірге автомат, пулемет секілді қаруларды бүге-шүгесіне дейін ақтарып, шашып-жинауды үйрететін үйірмеге қатысады. Құтқарушы болуды армандап, бос уақытында кәсіпқой құтқарушылармен бірге ұдайы жаттығу жасап жүрген. Бір күні кәсіпқой құтқарушылар орнына бозбаланы қалдырып, өздері жарты сағатқа бір шаруаларын тындырып тастауға кетеді. Аяқ астынан тосын оқиға боларын қайдан болжасын! Бес минуттан кейін үш бірдей өрімдей қыз су астына кетеді. Жас екеніне, тәжірибесінің аздығына қарамастан оларды құтқаруға ұмтылады. Жүзе алмайтын қыз суға кетіп, оны құтқармақ болған құрбыларын өзімен бірге су табанына қоса әкеткен екен. Дима үш қызды да сыртқа алып шығады. Екеуі аман, біреуі, өкінішке қарай, қорқыныштан жүрегі жарылып өлген екен.

Құтқарушыларды жұмыс орнын тастап кеткені анықталып, жазаға тартпақ болады. Бұл үшін бозбала өзін кінәлі санайды. Осы оқиғаның ертеңіне радиодан сұрапыл соғыстың басталғанын естіп, кәмілет жасына толмаса да, әскери бөлімге алғашқылардың бірі болып келеді. Әскерге алуға жасының жетпейтінін алға тосқан командирлерге өзінің пайда әкелетінін айтып, өзі секілді жастарды жүк көліктерін жүргізуді, жөндеуді үйретеді. Алатырцев қару-жараққа, көлік жүргізуге деген балалық құштарлығы соғыста үлкен кәдеге жарағанын айтады. Алдымен Мәскеудің түбіне келген фашистермен ұрыстарға қатысады. Сосын Курс маңында Вермахтың генералы Манштейнның оңтүстік тобының шабуылына тойтарыс беруге

қатысады. «Жойқын шабуыл жасалды. Шығынымыз көп болды. Бірақ біз табандап жылжымадық. Қайсарлықпен ұрыстық. Біз алдымыздағы екі жүз метр жерден басқа ештеңені байқамадық. Курск доғасында тарихта бұрын-соңды болмаған сұрапыл шайқас болғанын ол кезде білген жоқпыз. Өзіміз соның куәгері болсақ та, ол жағын кейін тарихтан білдік», – дейді Алатырцев.

Киевті азат ету кезінде жүйкеге зақым келген ауыр жарақат алады. Бірақ бұған қарамастан Берлинді қоршауға, Шығыс Еуропа елдерін азат етуге қатысады. Германия түзе бүккен соң, Қиыр Шығыста жапондарға қарсы ұрыстарға атанады.

Жауынгерлік ерліктері үшін бірнеше медальдарымен марапатталады. Соғыс біткен соң, жарақаттарын емдеу үшін Ташкент пен Алматыны таңдасын деген бұйрық келеді. Әрине, Алатырцев Алматыны таңдайды. Осында үйленіп, от басын құрады.

Сөз жоқ, бұл майдангердің қысқаша ғана өмір жолы. Бірақ оның тасасында қаншама қиыншылық, азапты күндер, тамаша достардан айырылу, сұрапыл қантөгіс тұр. Бастысы, сол кездегі буынға тән өрлік пен ерлік, тас қамал төзім мен ерік-жігер тұр. Буыны қатып үлгермеген бозбалалардың отанды қорғауға деген құштарлығы, еліне деген сүйіспеншілігі жатыр. Алатырцевтен біздің буынның алар үлгісі осы.

Санжар Арысов

ҚКХП Алматы қалалық комитеті

Яндекс.Метрика