Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » Діни экстремизмге қарсы тұру

Діни экстремизмге қарсы тұру

25 қараша күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілі, Қазақстан  Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты, экономика ғылымдарының докторы, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Тұрсынбек Өмірзақов және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиевты Атырау облысы әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қабылдады.

Қабылдау барысында облыс әкімі Атырау облысында кеңінен жұмыстардың атқарылып жатырғандығын айтып өтті. Тұрсынбек Өмірзақов мұнайлы облыстың Қазақстан экономикасының басты донорына айналып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік сала локомотиві – денсаулық пен білім салалары, жол инфрақұрылымдары өзекті мәселелерінің оң шешіліп жатқандығына дән ризашылығын білдірді.

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов алдағы уақытта да өңірімізде көкейкесті мәселелердің шешілуге тырысатындығын жасырмады.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы және Орталық комитетінің ұйымдастыруымен 26-шы қараша күні «Діни экстремизмге қарсы тұру» атты тақырыпта форум өткізді. Аталмыш форумның мақсаты:  Жастар арасында кері діни ағымдар идеяларының және діни экстремизм мен терроризмнің таралуының алдын алу.

 Форумды Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев жүргізді. Форум Қазақстан Республикасы әнұранымен ашылды. Форумның арнайы қонағы болып Қазақстан  Республикасы  Парламенті Мәжілісінің депутаты Тұрсынбек Өмірзақов және Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева қатысып отырды.

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басы Қазақстан елі үшін аса құтты дәуір болды. Еліміз өз тәуелсіздігін жариялағаннан бері анағұрлым көп уақыт өтпесе де, Қазақстан тек Орталық Азияда ғана емес Еуразия құрылығының жүрегінде орналасқан экономикасы дамыған, өркениеті өскен, халқаралық беделге ие алпауыт мемлекетке айналды. Қазақстан өзінің қарқынды дамуымен бірге, тек Еуразия құрылығында ғана емес, бүкіл дүние жүзінде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, діни үнқатысуды дамытуға бағытталған игі бастамаларды жүзеге асырып келеді. Осылайша, Қазақстан жұмыр жер жұртшылығына танылып, беделі жоғарылап барады. Әлбетте, бұл игіліктер – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған дана саясатының құтты жемісі. Бұған кейбір мысал келтірер болсақ, ҚР президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығында елімізде дін саласында көптеген ауқымды іс-шаралар өткізілуде, сөйтіп дәстүрлі дін жұмыстарының дамуына кеңінен жол ашуда. Әлемдік және дәстүрлі діндер көш басшылары сьездерінің Қазақстанда төрт рет қатарынан өткізілуі – Қазақ елін шет мемлекеттерге танытып қана қоймай, дініміздің қоғамдағы орнын да айқындап берді. Әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден – ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Елбасымыздың «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауында біз сөз еткен ұғымдардың ерекше аталып өтуі тегін емес, сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық деді – Ерболат Ғұсманұлы.Жиынның алғашқы сөз кезегі  Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Әсия Қыстаубаева Баянқызына ұсынылды. «Діни экстремизмге қарсы тұру» атты форумын ұйымдастырушылары Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалынына Атырау облысының әкімі Ізмұхамбетов Бақтықожа Салахатдинұлы атынан алғысымды білдіремін. Бүгінде Тәуелсіз еліміз – Қазақстан жедел дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарынан ойып орын алды. Бұл тәуелсіздікке қол жеткізген жылдардағы жасалған экономикалық реформалар мен ұлт аралық татулық пен келісімнің діни түсіністіктің арқасы. Осымен-ақ біз бүкіл әлемді таңқалдырып келеміз. Республикамыздың 120-дан астам ұлттар мен ұлыстардың, миллиондаған өкілдері өмір сүріп жатыр.

Облысымызда өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың өмір ұстанымдары мен мәдениетіне Ислам және Христиан діндерінің әсері мол. Сондықтан қазіргі кезде діни шанымдарға, мәдениетте елдегі барша ұлттардың мүддесін көздейтін, олардың рухани дамуына оңды әсерін тигізетін ортақ игіліктерді таңдап алып, қазақстандық рухтың, отансүйгіштіктің ізін салу міндеті тұр. Бұл қазақстанның әлемдегі қандайма болмасын мемлекеттерінде болмаған идеологияның негізін қалау деген сөз.

Облыстағы этносаралық және конфессияаралық ахуал тұрақты. Атырау қаласы және аудан әкімдері педагогикалық ұжымды, зиялы қауым өкілдерін, ардагерлерді, имамдарды, діни бірлестіктер жетекшілері мен жастарды және БАҚ өкілдерін тарта отырып, діни экстремизмнің таралуына жол бермеу бағытында қабылдаған кешенді шаралар бойынша жұмыс жасауда.

Атырау облысы бойынша 28 исламдық, 3 православиелік, 2 католиктік және 6 протестанттық бағыттағы діни бірлестіктер тіркеу қайта тіркеуден өтіп, барлығы 39 діни бірлестік және филиал қызмет етуде – деді баяндамасында Әсия Қыстаубаева.

Алдымен бүгінгі осындай маңызды және өзекті шараны қолға алып отырған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалына алғысымды білдіргім келеді. Бүгінгі шара алдын-ала айтылғандай пікір-талас форматында болғандықтан, бірнеше мәселе бойынша ой бөлісуге рұхсат етіңіздер деді – келесі сөз кезегін алған Мейірім Қалауи Жоламанұлы Атырау облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы.

Еліміздегі дін ұстанушы жастардың арасында теологиялық тартыстарға және мұсылмандар арасында түсінбеушіліктен туындаған жанжалдарға жол ашып отырған бастапқы себептердің бірі дінді дұрыс түсінбеуінде деп тұжырымдалуда. Бірақта бір жақты қарауғада болмайтыны да рас.

Өйткені, Кеңес одағының атеисттік саясаты тұсында жалпы дінге ашық тыйым салынды. Сол кездегі жастарға ұлттық рухани құндылықтардың маңыздығы насихатталмай, кенжелеп қалғаны барлығымызға мәлім. Сондықтан қоғамның жан дүниесі сол кезеңдегі жағдайдың кесірінен белгілі бір деңгейде дамымай қалды.

Ал Кеңес Үкіметі түпкілікті ыдырағаннан кейін, басқа идеологияға қажеттіліктер туындады. Оны діннен бірқатарымыз рухани жаңғырығудан гөрі атеизмнен, дөрекі құдайсызданудан бас тарту деп қабылдадық.Қоғамымызда еліктеушілік басым болды.

Демек, тәуелсіздігімізді алған күннен бері елімізде толыққанды діни сананың қалыптасуына және жат діни идеологияның ықпалына қарсы тұратын діни иммунитет қалыптасты.

Сондықтан да, ата-бабадан мұра болып қалған дінімізді жетік түсінуге, оның мән-жайын ұғынуға әлі де дайын болмағанымыз айдан анық.

Қазіргі таңда дін ұстанушы жамағаттардың немесе жастар арасында діни тұрғыдан радикалдану өкінішке орай, Құран аяттарының «дүниетанымдық» және «ахуалдық» деп жіктелуін, олардың түрлі себептері мен салдарын білмеу исламның бейбіт болмысын жоққа шығаруға алып келеді.

Бұл таяздықты дәстүр мен кез келген басқа пікірді теріске шығаратын радикалдар, экстремистік ағымдар мен терроршылардың «ұстаздары» мен серкелері өздерінің зұлым идеяларын қасиетті жазбаларға сілтей отырып шебер пайдалануда. Сол сияқты, қасиетті мәтіндерді де дұрыс ұғынбаудың салдарынан хадистерді бұрмалап, оның арты үлкен қауіптерге ұласып жатыр.

Қазіргі таңда дінге бет бұрған жас өспірімге хақ жолдың турасын атап көрсететін немесе дұрысы мен бұрысын ажыратып, өз ақыл кеңесін беретін діни сауатты ата-аналардың да тапшылығы қынжытады. Өйткені өз жақынынан діни қолдау көрмеген жас буын, өзін түсінетін және рухани аштығын қанағаттандыратын, өкінішке орай, жат діни ағымдардың өкілдерінен табуда.

Деструктивті діни ағымдармен күресу барысында дін саласында қызмет ететін мамандардың арасында жеткілікті діни сауатының жоқтығы немесе осы салада терең білім алған мамандардың да тапшылығы ол жеке бір мәселе болып қалуда. Ал осы жетіспеушілікті толықтырамыз деп қаншама жастарымыз діни сауат ашу үшін немесе дін саласында маман болу үшін деп шет мемлекеттеріне кетуде.

Алайда, сол шет мемлекеттерінде оқып келіп жатырған жастарымыздың барлығы бірдей ата-бабамыздан мұра болып қалған дәстүрлі діни ұстанымызбен сабақтасатын рухани құндылықтарымызға қайшы ілім алып келмейтінініне кім кепілдік бере алады. Өйткені қазіргі жастар арасында, Мысыр, Сирия немес Медина қалаларында бір-екі ай тіпті әрі кетсе жарты жыл оқып келіп, өзін «шейх» немес ғалымсымақ санайтын жастар азда болса бар болғанына мешіт имамдары куә.

Сонымен қатар, өзге елде оқып жатырған  кейбір жастар заңсыз жолдар арқылы шекара асып, ол жақта заңды діни сауат ашу немесе теологиялық ғылымдарды үйрететін университтерге тіркеле алмай, «хужраларда» яғни бір шейхсымақтың үйінде діни сауат ашуда. Соның нәтижесінде бұл орындарда оқыған азаматтар, алған ілімдері шикі бола тұра, теологиялық үкімдер шығаруға, жамағаттардың арасында тартыстарға түсуге бейім болады.

Жастардың жат діни ағымдарға бейім болудың тағы бір себебі, ол осы ағымда жүргендердің арасында берік қарым-қатынас құруда. Олар бір пікірлес «бауырларын» ағасындай сыйлап, бір-бірін демеп, бауыр басып алады. Бұл әдістер ағымның жаңа мүшелеріне жағымды болып, қуанышпен қабылдайды.

Деструктивті діни ағымдар идеяларының белсенді таралуына ерекше ықпал ететін тағы бір себебі, ол ағымдар жаңа заманғы ақпарат құралдарын тиімді пайдалануда. Ғаламтор желісі арқылы, ұялы телефон және баспа құралдары арқылы өз ақпараттарын қарқынды таратып жатыр.

Демек діни теріс ағымдардың алдын алу жұмыстарында жоғарыда аталып өткен себептерді ескере отырып керекті шаралар мен тәсілдерді жетілдіру қажет деп есептеймін – деді Мейірім  Қалауи.

Сондай – ақ, теріс діни ағымдарға қарсы тұрудың маңызды жолы-жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Биылғы жылы барлық оқу орындарында жастар ісі комитеттері құрылды. Ірі мекемелер мен кәсіпорындарда жастар кеңестері жұмыстарын бастады. Бұл құрылымдардың басты мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылып отыр.

Өздеріңіз білесіздер, қоғамдағы қауіп – қатерлердің ең бастысы – халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм. Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті.

Бағдарламада лаңкестіктің алдын алуға жұртшылықты жұмылдыруға және мақсатты топтар арасында ақпараттық үгіт – насихат жұмыстарын жетілдіруге жете мән берілген.

Сан ғасырлар бойы ата – бабаларымызға ақ жол көрсетіп келген Ислам діні қашанда адам баласының абыройы мен ар-ожданын бәрінен жоғары қойып, отбасы мен қоғам бірлігін, елдің ынтымағын сақтауға күш салып келеді. Өйткені, асыл дініміздің басты мұратының бірі – адамдар арасында бейбіт қарым – қатынастар орнатып, тыныштықта тату – тәтті өмір сүру.

Әлемде неше түрлі келеңсіз жағдайлар орын алып жатқан бүгінгідей кезеңде еліміздің қауіпсіздігін сақтап қалу – барлығымызға ортақ міндет. Сондықтан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күреске үлкен басымдық беріп отыр.

Мұсылмандар іни басқармасының бастамасымен діни экстермизмнің алдын – алу жұмыстары мешіттерде бастау алды. Бүгінде әр мекеме аталған тақырыпқа қатысты жоспар құрып, күні бүгін облыстағы барлық кәсіпорындар, мекемелер мен компаниялар өз қызметкерлерінің терроризм мен экстремизмге қарсы сауатын арттыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Тіпті, түрмелерде де осындай жұмыстар жолға қойылған.

Терроризм мен экстремизм – адамзаттың қас жауы. Қаймағы бұзылмаған қазақ жерінде осындай лаңкестіктерге жол беру ең алдымен, жазықсыз жандардың зардап шегуіне алып келетіні сөзсіз. Жұртшылық осыны ұғынуы керек.

Ақиқатын айтар болсақ, жалғыз Ислам ғана емес, әлемдегі қай дін де өз табиғатында экстремизмге жат. Әлемде лаңкестікті, экстремизмді, соғысты жақтайтын бірден – бір дін жоқ. Ислам діні де солай. Оның жарқын жол көрсетушісі қасиетті құран Кәрімде бір адамның өмірін қию бүкіл адамзатқа жасалынған қастандық ретінде бағаланды.

Олай болса, қай дін өкілі болсын, өзі ұстанған діннің қадір – қасиетін халыққа сабырлы да салмақты түрде ақыл – парасатпен түсіндіруге, өзгелердің діни нанымына түсіністікпен қарауға, бірін – бірі кемсітуге жол бермеуге тиісті. Яғни, халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпал жасау үшін ең алдымен, әлемдік және дәстүрлі діндердің арасында өзара татулық пен кешірімділік ахуалын қалыптастыру қажет – деді баяндамасында Атырау облысының найб имамы Нұрлан Рамазанов Бекболатұлы.

Шарамыздың қорытынды сөзі Тұрсынбек Өмірзақовқа берілді. Діни экстремизм тақырыбы бұл өте елімізде күрделі тақырып. Бүгінгі форумды ұйымдастырып отырған Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалына үлкен алғысымды білдірем. Бұл экстремизм туралы проблема парламенттің, үкіметтің, қоғамның, жастардың проблемасы. Өйткені, бұл проблема қазіргі уақытта күллі дүниежүзі бойынша таралып кетті. Осы проблемаға себеп болатын жастар. Біздің Қазақстанда  төрт жарым миллион жастар бар. 14 жастан 29 жасқа дейін соның жетпіс мыңы студенттер. Діни экстремизмге себеп болатын бірінші проблема ол жастар арасындағы жұмыссыздық. Діни біліміміз төмен. Әсіресе ауыл жастары діни экстремизмге жақындау болып келеді. Тіпті, шет елдерден келген басқа ұлт өкілдері де кері әсерін беріп жатыр. Қазіргі таңда діни-ахуал жағдайында жалпы экстремизм деген терминге зерттеушілер ортақ бір нақты мазмұн беретін балама сөз тапқан жоқ. Әр ғалым өзінше сөз саптайды. Бір анығы, қоғам үшін бұл – үлкен қауіпті құбылыс. Айтқандай, экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына және бостандығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – діни ұранды бүркемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен қақтығыстарға әкеледі. Діни экстремизмнің негізгі мақсаты – өз дінінің басқа діни конфессияларға басым екенін мәжбүрлі түрде мойындату. Одан қала берді, халыққа өз діндеріне сай құқықтық нормаларды жасап, бөлек мемлекет құру.  Діни экстремизм – діни фанатизмнің шектен шыққан түрі. Кез келген экстремизмнің мәні – олардың пікірлеріне қосылмағандарға зорлық-зомбылық көрсету. Діни экстремизм әлемді өздерінің шектен шыққан көзқарасы мен діни фанаттық идеологиясына сәйкес қайта құруға тырысады. Діни экстремизм – терроризмнің ең соңғы сатысы. Біз өмір сүріп отырған әлемде діни экстремизм қанатын кеңге жайып, халықаралық деңгейге жеткен. Дәл қазіргі уақытта халықаралық экстремизм және терроризммен тиімді күресу үшін әлемдік қоғамдастықты бірігіп күшейту қажет. Әлемдегі кез келген мемлекет бұл кесапатқа қарсы күресті жеке өзі жүргізуі өте қиын – деді Тұрсынбек Өмірзақов.

 Жиынға Атырау облысы ішкі саясат басқармасы, Атырау облыстық акимат аппараты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысы жастар саясаты мәселелері, Атырау облысы Дін істер басқармасы, Атырау облыстық білім беру, Атырау облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт, Атырау облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдері, Иманғали мешітінің инаб имамы, Атырау облысы ішкі істер департаменті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, және Бұқаралық ақпарат өкілдері  жиынға арнайы шақырылды. Мыңға жуық студент жастары қатысты.

 

Қ К ХП Атырау облыстық филиалының

баспасөз хатшысы Гүлжан Инжелова

27.11.2013ж.

 

Яндекс.Метрика