Home » Кызылординский обком, Партийная жизнь » «Елімнің тағдыры – менің тағдырым»

«Елімнің тағдыры – менің тағдырым»

2013 жылдың 29 мамыр күні Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты облыстық форум болып өтті.

Бұл іс-шараға Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының шақыруымен Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Қызылорда облыстық комитетінің І-ші хатшысы Телеубаев Талғат Рахымұлы да қатысты.

«Назарбаев орталығы» көп функциялы ғылыми – талдамалық және гуманитарлық – ағартушылық мемлекеттік мекемесінің бастамасымен 2012 жылы Астана қаласында тұңғыш рет «Елімнің тағдыры – менің тағдырым!» атты республикалық форум өтіп, ел азаматтарының патриоттық сезімдерін нығайтудағы үлкен оң ықпалы бар шара ретінде бағаланды.

2013 жылдан бастап жыл сайын аталған форум дәстүрлі түрде республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастырылып, Астана күні қарсаңында Елордада республикалық деңгейде өткізу туралы шешім қабылданды.

Осыған дейін облыстың барлық аудандарында ұйымдастырылған форум бүгін Қызылорда қаласында облыстық деңгейде қорытындыланғалы отыр.

ҚКХП Қызылорда облыстық комитеті

29.05.2013ж.

Яндекс.Метрика