Home » Кызылординский обком » Есте қалар мәңгілік

Есте қалар мәңгілік

«Үлкенге құрмет, кішіге ізет» деп ата-бабаларымыз өсиет еткендей өсіп келе жатқан жаңа ұрпақ біздің болашағымыздың нысаны деп сенсек те, көптеген жылдар бойы өмір сүріп, бізге тірек болып келген, халқы үшін аянбай еңбек еткен қарияларымызды ұмытпауымыз керек. Қандай сала қызметкері болса да, адал еңбек әрдайым бағаланып келді емес пе? Көптеген жылдар бойы жер қатынасы саласында тер төгіп, өз ісінің жітік маманы атанған Балмаханов Құрманбек 1935 жылы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1954 жылға дейін аудандық мектеп-интернатында тәрбие алып, осы оқу орнының үздік оқушысы атанған. 1954 жылы Уфа қаласына әскери борышын өтеуге барып, кейін, Ақтөбе қаласына ауыстырылған. 1958 жылы арнайы шақырумен Ташкент қаласындағы «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инжинерлер институты» (Ташкентский институт инжинеров ирригаций и механизаций сельского хозяйства) атты оқу орнына түсіп, 1963 жылы оны ойдағыдай тәмамдады. 1963 жылдан бастап жерге орналастыру мамандығы бойынша жұмыс жасады. 1992 жылдың тамыз айында зейнеткерлікке шыққан. Алайда, біліктілігі мен өз ісін шебер білгендігінен осы салада еңбегін әрі қарай жалғастырған. 1992 жылы жоғарыды аталған мекеме «Жер комитеті» болып атанды. Балмаханов мырза ұзақ жылдар бойы осы мекеменің бас маманы қызметін атқарып келді. 1997 жылдың 14-шілдесінде аудандық қысқартуға байланысты жұмыстан босатылып, КазГипроЗем мекемесінде қызмет атқарып, 1999 жылдың қаңтарында өз еркімен, арыз жазып, жұмысынан босатылған.

Әлім руынан шыққанын мақтан ететін, өзін Қара бура бабамыздың ұрпағымын деп есептейтін көкеміздің алақанына салып, аялап өсірген 6 қызы бар екен, ал олардан 13 немере сүйіп отырған қартымыз «өз балаң өскенше, немере өлгенше», деп нақылдап отыр. Керейт елінің Шарипа атты қызын алып отырған атамыздың жадында жаңадан отасқан күндердің сәулесі алі де өшпеген тәрізді. Биыл ақсақалымыздың жұбайымен отасқанына 50 жыл толып отыр. Осынау алтын тойдын төріне жетіп отырған жұптың жасына қарамастан, жарасымдылығы қайта арта түскендей.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясының

Қызылорда облыстық комитетінің баспасөз хатшысы

Майра Жүнісова

Яндекс.Метрика