Home » № 4//01.02.2013 » ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫНЫҢ ЕЛ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІ

Былтырғы еліміздің барлық аумағын қамтыған мəжіліс жəне маслихат сайлауы естеріңізде болар? Сол тартыста елдің сеніміне ие болған азаматтарымыз бүгінгі таңда өздеріне артқан сенімді ақтауға тырысып бағуда. Ел сенімін иелену оңай шаруа емес, ол үшін

көп еңбек етіп, халыққа нағыз жанашыр бола білу қажет. Қазақстан Коммунистік

Халық партиясының атынан Қызылорда облысы Арал аудандық мəслихат депутаты болып сайланған Жолдасбаев Марат жыл бойғы атқарған жұмыстар туралы сайлаушылармен кездесіп, олардың алдында есеп берді.

Кездесу үстіміздегі жылы Арал аудандық № 16 кəсіптік-лицейінде болып өтті.Жиынға депутаттар мен сайлаушылардан бөлек БАҚ өкілдері қатысып, жиын нəтижесін жергілікті

басылымдарда жариялады. Жиналысты аудандық мəслихат хатшысы К. Данабаев жүргізді. Сайлаушылар алдында сөз алған депутат М. Жолдасбаев өз бағдарламасы бойынша атқарылған жұмыстармен қоса алдағы уақытта аудан əкімшілігіне берілетін ұсыныстарымен таныстырды. Айталық кеме жөндеу зауыты мөлтек ауданына дейінгі көлік жолдарының ешқандай сын көтермейтіндігі, күрделі жөндеу қажеттілігі туралы мəселе көтеріп, тиісті орындар алдына қойып жүргендігін тілге тиек етті.

Сондай-ақ өскелең жас ұрпақты салауатты өмір салтына тəрбиелеу мақсатында шағын стадион салдыру жайын қолға алып жүргендігін, №49 учаскедегі орталық аурухана мен аудандық перзентхана ғимараттарының қазіргі талапқа сай еместігін айтты. Жылмажыл қаншама жөндеу жұмыстары жүргізілсе де, ем қабылдаушы əрбір адам үшін ыңғайлы сəйкестік жоқ.

Сол себепті аталмыш мекеме ғимараттарын жаңадан салу кезек күттірмес мəселе

екендігін жеткізді. Сайлаушылар арасынан лицей қызметкері Б.Нұрмаханов шығып

сөйлеп, депутаттың атқарған жұмыстары жөнінде: «Марат Жолдасбаев тұрғындардың

арыз-шағымдарының дер уақытында қаралуына атсалысып, əлеуметтік тұрмыс жағдайы

төмен отбасылардың мəселелерін шешуге тырысуда. Депутаттың аудан көлемінде шешімін таппай жатқан біраз жайларды дер кезінде көтеріп, жергілікті атқарушы билікке жеткізіп отырғандығын білеміз» деп өз пікірін білдірді.

Жиынға қатысушылар Жолдасбаевтың депутаттық қызметін қанағаттанарлық деп бағалап, оның жасаған игі істеріне ризалықтарын білдірді.

Майра Жунусова

Қызылорда

Яндекс.Метрика