Home » № 4//01.02.2013 » ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕГІ СҰРАҚТАР МИНИСТРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

ХАЛЫҚ КӨКЕЙІНДЕГІ СҰРАҚТАР МИНИСТРГЕ ЖОЛ ТАРТТЫ

2013 жылдың 23 қаңтары күні ҚР Премьер-Министрі С. Ахметовке «Халықтық коммунистер» Фракциясы жетекшісінің орынбасары, мажіліс депутаты Ж.Ахметбеков депутаттық сауалын жолдады. Мəжіліс депутаттары республиканың барлық өңірлерін аралап, еңбек ұжымдарымен, жеке азаматтармен ойларын толғаған мəселелерін шешу мақсатында тұрақты түрде кездесіп тұрады. Осы жолы да депутат жұртшылық тарапынан келіп түскен ұсыныстарды қорытып, сараптап, жинақтап ҚР Премьер-Министрінің назарына ұсынды.

4 бқлімге бөлінген сауалдың біріншісі типтік жобалық – сметалык құжаттарды (бұдан əрі ЖСҚ) əзірлеу бойынша институт (ұйым) құру туралы болды. Онда Жамбыл Əужанұлының пайымдауынша Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №241 « Қазақстан Республикасындағы сəулет, қала құрылысы жəне құрылыс қызметтері туралы» Заңына сəйкес нысандардың оның ішінде мектептер, балабақшалар, ауруханалар ментұрғын үйлер жəне олардың кешендерінің құрылысы сараптамадан өткен. Бүгінгі күні, тəжірибе көрсеткендей, ЖСҚ əзірлеу, келісілу, бекіту, жобаға мемлекеттік сараптама жүргізу процесіне көп уақыт кетеді.

Сондықтан облыстарда əлеуметтік маңызы бар нысандардың типтік жобаларын əзірлеумен айналысатын, мемлекеттік жобалық институттардың болғаны абзал деген депутат мұндай дайын типтік жобалардың болуы уақыттың жəне бюджеттік қаражаттардың үнемделуіне пайдасын тигізетінін тілге тиек еткен. Ал екінші бөлімде «Жеке қосалқы шаруашылық туралы» заңы бойынша Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 20 қаңтардағы №123 «Қазақстан Республикасының əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында егістерді улау, жиналған егіннен кейінгі өрістегі ауыл шаруашылық дақылдарының бұзылуы немесе жойылуы, егіндерге зақым келтіру мəселелері алынып тасталғаны мəлім.

Алайда егістік жерлерді қайта өңдеп тыңайту үшінде тыңайтудың орынан улаған жерлерге келтірілген зияндарға өтемақы алу үшін адамдардың сотқа жүгінгені тағы бар. Осы орайда министр мырзаның назарына Үкімет егістік жерлерді улау мəселесі бойынша шаруа қожалықтарының мүддесін ескеруі қажеттігі де айтылды. Қосалқы шаруашылық жүргізетін тұлғалардың малдарының, басқа да жануарлардың, егіндік жəне егістік жерлерінің улануына жол бермеу үшін қажетті барлық жағдайлар жасалуы тиістігі айтылған. Ал үшінші бөлім кез-келген жеке тұлғаның көкейіндегі өзекті мəселе арнайы

мемлекеттік жəрдемақылар бойынша. Əсіресе, ҰОС жылдарындағы еңбек өтілін орнату бойынша қалалық комиссияларға 1935-1945 жылдары дүниеге келген азаматтардан жолданатын құжатты хаттардағы басты сұрақ жəрдемақы алу үшін «соғыс балалары» санатын орнату. Осыған байланысты депутат əлеуметтік əділеттілікті орнату үшін арнайы мемлекеттік жəрдемақы тағайындау тəртібін қайта қарап, «соғыс балалары» мəртебесін белгілеу мəселесін қараудыда министр назарына ұсынды.

Ал төртінші бөлімде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы бойынша:

Заңнамалық деңгейде мына мəселелерді қарауынды ұсынған:

1) Жұмыстың түрлеріне, материалдардың құнына, еңбек шығындарына орай кондоминиум объектісін жөндеу жəне ұстап тұру үшін ай сайынғы жарналар көлемі мөлшерін белгілеу, аймақтың коэффициент енгізу, кезеңді түрде индексация жүргізіп отыру;

2) Кондоминиум объектісін жөндеу жəне ұстап тұру үшін төлемді уақытымен жүргізбегені үшін (3 айдан артық) үлкен көлемде айыппұл салу;

3) көппəтерлі ғимараттардыңсейсмотұрақтылығын күшейту үшін жұмыстарды республикалық бюджет есебінен қаражат бөлу;

4) лифтілік шаруашылықты қалыптастыру бағдарламасын əзірлеу;

5) тұрғын үйді кондоминиум нысандарын ресімдеусіз сатып алу-сату мəмілелерін жүргізуге тиым салу.

Халық қалаулылары тарапынан жолданған бұл сауалдар жауапсыз қалмасына анық.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Астана қаласы

Яндекс.Метрика