Home » Партийная жизнь » Халық коммунистер Құрылтай өткізді.

Халық коммунистер Құрылтай өткізді.

19 қаңтар күні Астанада орналасқан бизнес орталықтарының бірінде халық коммунистер бас қосып, партияның VI Құрылтайын өткізді. Аталмыш құрылтай атап өтсек, 15 қаңтар күні өткен сайлауға қатысты еді. Құрылтайдың күн тәртібінде негізгі екі сұрақ қарастырылды: Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі палатасы Мәжілісте Қазақстан Коммунистік Халық партиясынан өкілет болатын партия тізімін тағайындау, және халық коммунистерінің Үндеуін қабылдау. ҚР ОСК шешімі бойынша ҚКХП ҚР Парламент Мәжілісінде жеті мандатқа ие болды. Құрылтайға қатысушылар бір ауыздан партия атынан өкіл болатын депутаттар тізімін бекітті, төменде аталған жеті өкіл ҚР Парламент Мәжілісінің бесінші шақырылымында өкілеттік етеді:

Косарев Владислав Борисович – ҚКХП ОК хатшысы

Кенжин Төлеш Әукебайұлы – ҚКХП ОК ұйымдастыру сұрақтары жөнінде хатшысы

Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы – ҚКХП ОК хатшысы

Қоныров Айқын Ойратұлы – ҚКХП ОК аппарат жетекшісі

Сорокин Борис Владимирович – ҚКХП ОРРК төрағасының орынбасары

Өмірзақов Тұрсұнбек Қазенұлы – ҚКХП Астана қалалық комитетінің белсеңді мүшесі

Баймаханова Галина Александровна – ҚКХП Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы

Атап өтсек, үстіміздегі жылдың 20 қаңтар күні Қазақстан Республикасының төменгі палатасы Мәжілісінің бесінші шақырылымының бірінші пленарлық отырысы болмақ.

ҚКХП ОК баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика