Home » Атырауский обком, Партийная жизнь » «Халық жақсы өмір сүруге лайықты!»

«Халық жақсы өмір сүруге лайықты!»

Бүгін, яғни 5 қараша күні Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы Ұлы Қазан революциясының 96-жылдығына орай партия және еңбек ардагерлері, комсомол жастар қанатының қатысуымен «Халық жақсы өмір сүруге лайықты!» атты ұранмен Жилгородок мөлтек ауданында орналасқан В.И.Ленин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.

Жалпы, шараның мақсаты – зейнеткерлік жасын өсірмеу, тұрғын үй мәселесі, тарифтерді көтермеу, азық-түлік бағасын қымбаттатпау,  бюджеттік саланың жалақысын көтеру болып табылды. Гүл шоқтарын қою рәсіміне 100-ге жуық адам қатысты. «Фронтовичка» хор ансамблі өнер көрсетіп, жиылған халықты мың бұрала билетті. Тіпті, ардагерлердің өздері жастық кездің мәңгі өлмес тамаша әндерін қосыла шырқады. Шара соңында халық коммунистерінің қатарын көбейте отырып, партиямыздың белсенді жастар қатары соның ішінде «Комсомол жастар қанаты» атты тобына тағы да 15-ке жуық комсомол жастары  қабылданды. Жастарға партиямыздың билеттері мен жаңа жұлдыздай жарқыраған төсбелгілері табыс етілді. Шара барысында осы мерекеге орай біздер жаңадан жалауларымызды жаңартып, бес бұрышты жаңа жұлдыз эмблемамызды таныстырдық . Бұл күн ұмытылмайды. Тарихтың аты тарих болып қалады. Сондықтан ғасыр қойнауынан қуат алатын елдің өткені мен кеткенін өсіп келе жатырған жастарымызға жеткізу басты  парызымыз – деді. Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалының бірінші хатшысы Ерболат Дәулетқазиев.

 

 

 

 

ҚКХП Атырау облыстық филиалының

                                                                баспасөз хатшысы Гүлжан Инжелова

Яндекс.Метрика