Home » № 6//15.02.2013 » Кəмелет жасына толған мүгедек, анасынан басқа кімге керек?

Кəмелет жасына толған мүгедек, анасынан басқа кімге керек?

Егемен еліміздің дамыған, заманауи қоғамындағы негізгі өзекті мəселелерінің бірі- ол балаларға қамқор болу, оларды тəрбиелу. Балалардың, кейінгі ұрпақтың жағдайын жасау мемлекетпен ата ананың тікелей міндеттері. Ал мүмкіндігі шектеулі, мүгедек балалардың жай-күйі қандай екен? Олар қаншалықты əлеуметтік қорғау мен сапалы медициналық көмек алып отыр? Шыныменен, мүмкіндігі шектеулі, мүгедек

балалардың өмірінде шешімін таппаған мəселе өте көп. Бұл -қоғам болып ат салысатын жəне үнемі бірінші кезекке қоятын жай. Мемлекет мүгедек балаларға демеу болып, қолдау көрсетпейді дегеннен аулақпыз, алайда көп жағдайда мүгедек балалардың аналары мемлекеттен гөрі қайырымдылық қорларға жүгініп, сенім артады. Мысалға, Астана қаласындағы мүгедек балалар- аналарының қорын келтірейік. Бұл қор 2005 жылы құрылды. Құрамында ақыл-есі кем, Даун сырқатына шалдыққан, церебральды сал ауруымен ауыратын балалар бар. Барлығы -70 шақты бірінші, екінші топтағы мүгедек балалар. Аталған қор басшысының айтуынша, қор мəдени шараларды, театр мен киноға баруды ұйымдастырады, əрі киімкешекпен қамтамасыз етеді. Сал- мүгедек балалары бар отбасылар көп жағдайда тұрмысы төмен, толық емес, қоғамға керексіз болыпқалған, алайда қоғам жы-луын сезінгісі келетін жандар. Көз жанары жəудіреген, бейкүнə балаларын бағыпқағып, қиындықтарына төзіп, күнделікті аналық адал қызметтерін атқарып келе жатқан аналармен көрісіп, мұңдарын білуді жөн көрдік. Қорға мүше ананың бірі Айжан Ержанова, ақылесі кем, эпилепсия ауруына шалдыққан 20 жасар Қуаттың анасы. Жалғыс басты ана екі баласымен ШҚО-нан көшіп келіпті, ол жақта ешқандай көмек ала алмаған соң, Астанаға жол тартқан көрінеді. Алайда баласы 18 жасқа толып интернаттан түлеп ұшқан соң, қиындықтары басталды ананың. Тілегі – 18 жастан асқан мүгедек балалар үшін орталықтың ашылуы. «Мүгедек балам 18 жасқа толған соң интернаттан шығып қалды, содан бері мен қатты қиналудамын. Қиыншылықты басымнан өткізгеніме 2 жыл болды. Маған қолқанат боламын деп шырылдап жүрген кішкентай ұлым да қиналады, шаршайды. 18 жастан асқан балаларға бір күндізгі бөлім ашылса деп ойлаймын. Бірақ ашылатын түрі жоқ. Балам жақында 21 жасқа толады. Сондықтан билік басындағылардан сұрайтыным, кем дегенде 25 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір орталық ашылса екен. Сол кезде мүгедек баласы бар аналардың да жұмыс істеуге мүмкіндігі болар еді»,- дейді ана. 4 жыл екі баласымен тас қараңғы жертөледе тұрды. Əкімшілік уақытша 35 шаршы метрлік бөлме бергеніне риза ана, енді «кезекті пəтер» алсақ екен дейді. Есейген мүгедек баланың проблемасын бастан кешіріп отырған тағы бір ана- ол Гүлмира Досжан. Төрт бала тəриелеп отырған ана, мүгедек баласына қарау үшін мұғалімдік жұмысын тастап, еден жууға кірісті. Күн шықпай тұрып, жүгіріп барып еден жуып, сағат онда үйіне қарай жүгіреді. «Балам екінші топтағы мүгедек, алатыны 18 мың теңге. Бұл қаражат дəрідəрмекпен азық-түліктен артпайтыны белгілі. Бұрын кішкентай кезінде интернатқа барып, сурет салып, тіпті мақтау қағазда алатын….Мүгедек баланы күту өте қиын, əсіресе есейген мүгедек баланы. Олар-өмір бақи күтімде болатын балалар ғой?! Сондықтан Үкіметтен сұрайтыным мүгедек баласы бар аналар зейнеткерлікке ертерек шықса игі болар еді»,-деп көзіне жас алды Гүлмира Досжан. Шамасы жеткенше баласына барлық жағдай жасауға тырысады. Өз қаражатына ем-домын қабылдап, массажға апарып, концер ттерге де ертіп жүреді екен. Оның да тілегі сол- кəмелеттік жасқа толған мүгедек балаларға арналған бір орталық ашылса екен дейді. Мүгедек балалары бар аналардың билікте отырғандарға бұйымтайы осындай. Мүгедек жандарқоғам жылуын сезінгісі келетін жандар екендігін естен шығармайық, ағайын!

Нұржан Сарқыт

Астана

Яндекс.Метрика