Home » № 5//08.02.2013 » КҮРЕСКЕР КОММУНИСТЕР

КҮРЕСКЕР КОММУНИСТЕР

ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің жанынан ашылған қоғамдық қабылдауға мүмкіндігі шектеулі азаматтардан шағымарыз өте көптүсті. Осыған орай, алматылық халықтық коммунистер мүгедектер қауымдастықтарымен біріге отырып, «Мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел өткізіп, олармен тұрақты түрде қоянқолтық жұмыс жасай бастады.Мүгедектердің мəселелері нақты талқыланып, егжейтегжейі қарастырылып, соның нəтижесінде осы мəселе бойынша ҚР Парламентінің мəжілісінде ел премьер- министрі С.Н. Ахметовке депутаттық сауал жолданды.

Алматылық халықтық коммунистер елдің тарихын, болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тарихи тұлғаларын дəріптеуде шет қалған емес.

Биыл қара қылды қақ жарған əділдігімен, турашылдығымен, рухани тазалығымен, халықшылдығымен елдің шынайы сүйіспеншілігіне бөленіп, халқы еркелете Димаш деп атап кеткен қазақтың біртуар азаматы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 101 жыл толды. Əдеттегідей, 12 қаңтарда Алматы жұртшылығы (соның ішінде халықтық коммунистерді баса айту керек) Қонаев ескерткіші маңына жиналып, рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Алматылық халықтық коммунистер үшін Қонаевты еске алу – үлкен ғибрат.

Еске алу шарасында Алматы жұртшылығының Қонаевқа, коммунистерге деген ықыласы ерекше көрініп тұрды.

Биыл Алматы қаласы табиғаттың дүлей мінезіне тап болды. Қалыңдығы 60 сантиметрге дейін қар жауды. Жауынашын үсті-үстіне түсті. Қала басшылығы үйілген қар тазалауда мүлде қауқарсыздық танытты. Осыған орай, ҚКХП-ның Əуезов аудандық жəне Бостандық аудандық комитеті осы аталған аудандарда қардан ашылмаған аулаларды күреп, тұрғындардың алғысын алды. Бұл іс-шараның өзі өзге партияларға қарағанда ҚКХП-ның халыққа жақын партия екенін нақты көрсетіп берді.

Əуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы, халықтық коммунист Майза Рахматулинаның еңбегіне ерекше тоқтала кеткен жөн.

Алаяқтардың тырнағынан іліккен жалғызбасты қарияларды арашалап алуда ешқандай қоққанлоққы оны иліктірген емес. Осы уақытқа дейін қарамағындағы бірнеше қарттың пəтерін қорғап қалды. Алаяқтардың ісі сотта əшкере болды.

Алматылық халықтық коммунистер өскелең ұрпақ тəрбиесіне де аса зор мəн береді. Мəселен, ҚКХП-ның Медеу аудандық комитетінің мұрындық болуымен №99 мектептің оқушылары арасында сурет салудан «Менің қалам» атты байқау өтті. Оқ бойы озып шыққан жүлдегерлер партия атынан марапатталады. Сондай-ақ, Сталинград шайқасының 70 жылдығына орай Алматы мектептері арасында жалпы қалалық сурет салудан байқау өткізілмек. ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің жастар қанатының ұйымдастырумен қазір балалар үйінде «Маманмен кездесу» атты іс-шара тұрақты түрде өтіп жатыр.

Осының арқасында балалар үйіндегі тəрбиеленушілер беделді мамандармен кездесіп, мастер классқа қатысады. Ондағы мақсат – тəрбиеленушілердің өмірге деген, белгілі бір мамандыққа деген құштарлығын арттыру. Сондай-ақ, халықтық коммунистердің бастамасымен Алматының хайуанаттар паркіне 200 балаға арнап тегін билет таратылады. Айта кету керек, ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен əр жұма сайын қаланың белді азаматтарымен жастардың кездесуі өтеді.

Əрине, тұрғындарды алаңдатып жүрген қоғамдықəлеуметтік мəселелер алматылық халықтық коммунистердің назарынан тыс қалмақ емес. Əр адамның қалтасын қағып отырған ең маңызды жайт – тұрғынүй коммуналдық шаруашылығына қатысты тарифтердің шамадан тыс, орынсыз өсуі. Сондықтан да, 21 ақпанда ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің кеңсесінде жауапты адамдардың, сарапшылардың жəне халық өкілдерінің басын қоспақ «ТКШ-дағы тарифтердің шегі бар ма?» атты дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстел шешімі бойынша орынсыз көтерілген тарифтерге қарсы аяусыз күрес жүргізілетін болады.

Сөз жоқ, ҚКХП-ның Алматы қалалық комитетінің қаңтар мен ақпан айында атқарған немесе атқарып жатқан барлық іс-шарасын жіпке тізіп қамту – артық болар. Оны мақсат тұтпаймыз да. Біз негізгі мəселелерге ғана тоқталдық. Мұндай жұмысты тек ҚКХП-ның Алматы қалалық комитеті ғана емес, барлық облыстық комитеттер де жасауға тиіс деп білеміз жəне жасап жатыр деп сенеміз. Сонда ғана, елімізде халықтық коммунистердің абырой-беделі артып, шын мəнінде де өз атына сай болмақ.

Санжар Арысов

Алматы

Яндекс.Метрика