Home » № 6//15.02.2013 » Көтерілген өзекті Мәселелер

Көтерілген өзекті Мәселелер

Азат ел болып, абыройлы істерді атқарып жатқанымызды жаһанға жар салып келеміз қашанда. Болашағымызды айқындауда жүйелі жоспарларды біртіндеп орындап келе жатқан жайымыз да жоқ емес. Алда əлі алар асуларымыз жетерлік.

Ақпанның екінші сəрсенбісінде ҚР Парламенті Мəжілісінің жалпы отырысы өтіп, онда «Еліміздің кейбір заңнамалықактілеріне мемлекеттік жеке-меншік əріптестіктің жаңа нысандарын енгізу жəне олардың қолданылуы салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», « ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне оларды Республиканың Мемлекеттік жоспарлау жүйесімен сəйкестендіру мəселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» жəне «Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы» Заңдарының жобасы жөнінде мəселелер қаралды. Отырыс барысында мемлекеттік жекеменшік əріптестіктің жаңа нысандарын енгізу жəне олардың қолданылуы салаларын кеңейту бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасын баяндап болған ҚР Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, халық қалаулылар ының сұрақтарына жауап бере бастады. Депутат Тұрсынбек Өмірзақов та сұрақ қоюдан тыс қалмады. «Жеке меншік инвестицияларды əлеуметтік қызметтерге, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласына тарту игі іс деп білемін, алайда бұл істе жергілікті органдар белсенді емес. Кəсіпкерлер мемлекеттік – жекеменшік серіктестіктің тиімділігін білмесе, жергілікті орган өкілдерінің де бұл заңның не беретінін білетіні екіталай»,-деді.

Оның айтуынша, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан обл ыстарында , мемлекеттік – жекеменшік серіктестік бойынша бірде – бір жоба іске аспаған. Ведомство басшысы Ерболат Асқарбекұлы аталған заң жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапса, осындай кемшіліктер жойылатындығын жеткізді. Осылайша көтерілген мəселелер қызу талқыланды.

Əйтеуір, əдеттегідей, Заң жобалары бір ауыздан мақұлданды. Мінеки, ҚР Парламенті Мəжілісінде қабылданған заң жобалары мен көтерілген өзекті деген мəселелердің дені осылар болды.

Нұржан Сарқыт

Яндекс.Метрика