Home » "Коммунист Казахстана" » Күзгі марафон

Күзгі марафон

Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналып «Салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты ұранымен оқушылар арасында «Мұнайшы» орталық стадион спорт алаңында күзгі марафон өткізілді.

Осы өткізілген шараға №2 кәсіптік лицей, №4 кәсіптік лицей, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі және №24 орта мектеп оқушылары күзгі марафонға қатынасып, бақ сынасты.

Осы шараға 400-ге жуық оқушы ұл-қыздар өздерін жүгіру сынағынан өткізді. Ұлдар арасында 2000 метр қашықтықта топ жарған №2 кәсіптік лицей оқушысы Құлбаев Қалыбек болды. Ал 2-нші орынды Айсағалиев Асылхан Атырау гуманитарлық колледжінің студенті иеленсе, 3-ші орын Даулетқалиев Маратқа бұйырды.

Сонымен қатар қыздар арасында да 800 метрге жүгіру ұйымдастырылды. Бұл жарыста 1-ші орынды Сисенбайқызы Оралгүл (№4 кәсіптік лицей) алса, 2-ші орынды Кереева Әсемгүл (АГК), ал 3-ші орын Амангелдиева Айнұрға (АГК) бұйырды.

Сонымен қатар жарыс барысында жеңімпаздар анықталды. Қорытынды төмендегідей: 1-ші орын №2 кәсіптік лицей

2-ші орын Атырау гуманитарлық колледжі

3-ші орын №4 кәсіптік лицей командалары бөлісті.

Жеңімпаздарды Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық комитетінің 1-ші хатшысы Көшенов Жаукен Хайырлыұлы жеңімпаздарды диплом, грамота медальдармен марапаттап, ең үздік 2 командаға Кубок тапсырды.

Қортындысында Ж.Х Көшенов барлық қатынасушыларға оқуда жоғары үлгерім, және зор денсаулық тіледі. Бұл жарысты ұйымдастырудағы біздің мақсатымыз оқушы жастардың отанына деген сүйіспеншілігін ояту, патриоттық сезімін қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ жүру, дене тәрбиесімен, спортмен тұрақты шұғылдануға тарту, сонымен қатар араларынан төзімділерді анықтау болып табылады.

ҚКХП-ның Атырау облыстық

комитетінің баспасөз қызметі

Яндекс.Метрика